Мероприятие » Страница 44 » Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
"Ұлттық кино - отандық кино"
23
март
2024
"Ұлттық кино - отандық кино"
Наурызнама жоспарына сай 2024 жылдың 18-19 наурыз күндері "Ұлттық кино - отандық кино" айдарымен 10 сынып оқушыларына "Студент көке", "Паралимпиец" фильмдері көрсетілді. Шараның негізгі мақсаты: Мәдениетімізді, өнеріміз бен ұлттық құндылықтарымызды насихаттау. Видео: ​https://www.instagram.com/p/C4sOQxZp9W7/​​​ 
"Ұлттық қолөнер"
22
март
2024
"Ұлттық қолөнер"
Наурызнама жоспарына сай 2024 жылдың 19 наурыз күні технология пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен "Ұлттық қолөнер" тақырыбында оқушылар шығармашылығынан OPEN SPACE көрмеcі ұйымдастырылды. Мақсаты - қазақтың ұлттық құндылықтарын насихаттау, ұлттық өнер арқылы оқушыларды еңбекқорлыққа, шеберлікке және мейірімділікке тәрбиелеу. Видео: ​https://www.instagram.com/p/C4siU-opIef/​​​  
“Таным. Тағылым. Тәрбие”
21
март
2024
“Таным. Тағылым. Тәрбие”
Біртұтас тәрбие жоспарына сай “Алаш” дебат клубының ұйымдастыруымен 8 сынып дебатшылары арасында “Таным. Тағылым. Тәрбие” атты дебат ойындары өткізілді. Нәтижесінде І орынға Қасымбек Мөлдір мен Құралхан Айғаным, ІІ орынға Ілияс Жаннұр мен Серікбекқызы Дильназ және ІІІ орынға Одгонбай Аяна мен Тұрарбай Жанель, Биқасым Алима мен Нәбиәлі Ажар ие болды. Құттықтаймыз! Видео: ​https://www.instagram.com/p/C4kBvBDicx3/​​​
20 НАУРЫЗ - «ҰЛТТЫҚ СПОРТ КҮНІ»
20
март
2024
20 НАУРЫЗ - «ҰЛТТЫҚ СПОРТ КҮНІ»
«Наурызнаманың» онкүндігі аясында 20 наурыз - Ұлттық спорт күні болып бекітілді. Осыған орай мектебімізде "NAURYZ GAMES" атты Ұлттық ойындардан Денсаулық күні өткізілді. Тартысты өткен ойындардың нәтижесі шығарылып жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды. Қазақтың ұлттық спорты – рух пен намысты қайрап, бойдағы қуатты шыңдауға өз септігін тигізеді. Ұлттық спортпен шұғылданатын спортшылардың бітім-болмысының өзгеден бөлектеніп тұратыны да осыдан болса керек. Ұлттық спортты ұлықтауға арналған бұл
19 наурыз – Жаңару күні!
19
март
2024
19 наурыз – Жаңару күні!
Бүгін Жаңару күнінде ойланып, болашаққа жоспар құратын күн. Бұл ел өміріндегі жаңа кезеңнің басталғанын білдіреді. Сондықтан республика бойынша жалпыұлттық ағаш отырғызу науқаны өтіп жатыр! Осы орайда мектебіміздің оқушылары акцияға белсенді қатысып, мектеп ауласына ағаш отырғызды. Әрбір қазақстандық үшін өзгерістер тек жақсы жаққа болсын деп тілейміз! Видео: ​https://www.instagram.com/p/C4sAB1rpIwy/​​​  
"Функционалдық сауаттылықты арттыру – жаңаша педагогикалық теория мен практиканың өзекті мәселесі"
18
март
2024
"Функционалдық сауаттылықты арттыру – жаңаша педагогикалық теория мен
2024 жыл наурыз айының 15-інде мектебімізде Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалана отырып, білім сапасын көтеру және жас мамандардың біліктілігін арттырып, әдістемелік көмек көрсету мақсатында "Функционалдық сауаттылықты арттыру – жаңаша педагогикалық теория мен практиканың өзекті мәселесі" тақырыбында жас мамандар арасында қалалық тәжірибе алмасу семинары өткізілді. Аталмыш семинарға Талдықорған қалалық білім бөлімінің әдіскері Гүлмира
“Жыл мұғалімі -2024” байқауы өтті
17
март
2024
“Жыл мұғалімі -2024” байқауы өтті
2024 жыл наурыз айының 13-інде мектебімізде жылдағы дәстүр бойынша “Жыл мұғалімі -2024” байқауы өтті. Қатысушылар байқау ережесіне сәйкес ІV кезең бойынша сынға түсті. І кезең «Мен қазіргі заман педагогімін» тақырыбында эссе жазды. IІ кезең ықшам сабақ «Мұғалімнің сабақ өткізу шеберлігі» бақыланды ( ұзақтығы: 20 минут). ІІI кезең жұмыс жүйесінің моделі «Менің педагогикалық кредом» жұмыс жүйесімен таныстырды. ІV кезең ІV кезең Импровизациялық тапсырмаларды орындады. ІҮ кезең бойынша
15 наурыз – Қайырымдылық күні
16
март
2024
15 наурыз – Қайырымдылық күні
Бұл күн қайырымдылық, мейірімділік пен татулықты насихаттауға арналған. Жалпы, игі істер дәстүрін тарату қоғамда қайырымдылық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Осыған орай мектебіміздің “Әкелер мектебі” кеңесінің белсенді мүшесі Қ.А. есімді азаматымыз қайырымдылық шарасын ұйымдастырды. Мектеп әкімшілігі жүрегі жомарт азаматтарға өз алғысын білдіреді.  
“Домбыра Party”
15
март
2024
“Домбыра Party”
Наурызнама жоспарына сай мектебімізде “Домбыра Party” ұранымен мектебіміздің өнерлі оқушылары “Балбырауын” күйін орындады. ​https://www.instagram.com/p/C4iVTQQpes0/​​​  
Республикалық байқауға жолдама алдық!
14
март
2024
Республикалық байқауға жолдама алдық!
Республикалық “Әбіш оқулары” конкурсының облыстық кезеңінде сахналық қойылым бағытынан біздің оқушыларымыз 1 орынға ие болып, Маңғыстауда өтетін Республикалық байқауға жолдама алды. Олар: Адельбаева Бибинур, Нұрқасым Мубина, Шалқар Салтанат, Жақсылық Әбілмансұр, Абикенов Мади. Жетекшісі Жадрашова Айкерім Қанатқызы. Құттықтаймыз!