Информация » Страница 49 » Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
Биқасым Алима екі мәрте жүлдегер атанды!
15
февраль
2024
Биқасым Алима екі мәрте жүлдегер атанды!
Мектебіміздің 8а сынып оқушысы Биқасым Алима тоғызқұмалақтан өткен Жетісу облысының чемпионатында екі мәрте жеңіс тұғырынан көрінді! Рапид бойынша ІІІ орын және Классика бойынша ІІІ орынға ие болды. Бапкері Айдар Биқасымұлы Шеңгелбаев. Құттықтаймыз!  
«Біз есірткісіз өмірді таңдаймыз!» плакаттар көрмесі
14
февраль
2024
«Біз есірткісіз өмірді таңдаймыз!» плакаттар көрмесі
Мектебімізде 5-7 сыныптар арасында «Біз есірткісіз өмірді таңдаймыз!» атты плакаттар көрмесі өткізілді.
"Интернетсіз бір күн!" акциясы
13
февраль
2024
"Интернетсіз бір күн!" акциясы
"Досболlike" жобасы аясында, Біртұтас тәрбие жоспарына сай 09.02.2024 күні мектебімізде "Интернетсіз бір күн!" акциясы өткізілді. Акцияға "Мектеп парламенті" мен "Жас Ұлан" ұйымы мүшелері және сынып старостасталары мен спорт секторлары қатысты. Осы бір күн бойы оқушыларымыз ұялы телефонсыз жүріп, "Ән шырқайық бәріміз!" ұранымен караоке айтты, "Movie Time" ұранымен отандық фильмді тамашалады және эстафеталық ойынға қатысып қайтты. Шараның негізгі мақсаты: Интернет тәуелділіктің алдын алу.
"Қазақ ғылымының атасы - Қаныш Сәтбаев"
13
февраль
2024
"Қазақ ғылымының атасы - Қаныш Сәтбаев"
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында 8 сынып оқушыларымен "Қазақ ғылымының атасы - Қаныш Сәтбаев" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Аталмыш шараға І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің география пәні мұғалімі, доцент Еркін Айыпұлы Тоқпанов және Абай атындағы №1 орта мектеп-гимназиясының кітапхана меңгерушісі Баймұханова Ардақ Жумановна қатысты. Шараны ұйымдастырған мектебіміздің кітапхана меңгерушісі М.Д.Ботаева. Мақсаты: Школьникам Қаныш Сәтбаев және оның жетістіктері мен еңбектері
«Ерекше әлем»
12
февраль
2024
«Ерекше әлем»
Біртұтас тәрбие бағдарламасының негізгі идеяларын іске асыру мен мектеп оқушыларының көркем-эстетикалық, танымдық-мәдени қызығушылық қасиеттерін дамыту мақсатында 2024 жылдың 9 ақпанында «Көркемөнер галереясы» МКҚК-да Көрнекті жазушы Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына арналған Талдықорған қаласындағы «Балалар көркемсурет мектебі» ұстаздарының «Ерекше әлем» атты жинақталған көрмеге мектебіміздің 7 сынып оқушыларына танымдық саяхат ұйымдастырылды.  
Салауаттылық - денсаулық кепілі!
10
февраль
2024
Салауаттылық - денсаулық кепілі!
"Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер" жобасы аясында 06.02.2024 күні Жетісу облыстық наркологиялық диспансері мен "Салауатты өмір салтын насихаттау" кабинетінің қызметкерлері келіп "Вирустардан қалай қорғанамыз", "Көкжөтел дегеніміз не?", "Дұрыс тамақтану", "Дұрыс ұйықтау" және "Зиянды әдеттерден сақтанайық" тақырыптарында оқушылармен кездесу өткізді. Мақсаты: Қазіргі жастардың салауатты өмір салтын қалыптастыруға көзқарастарын ашу және соған ықпал ету. Нашақорлықтың алдын алу болып
"Ғаламат" тобы І орынға ие болды!
09
февраль
2024
"Ғаламат" тобы І орынға ие болды!
Би, шешен, мемлекет қайраткері Әйтеке Байбекұлының туғанына 380 жыл толуына орай «Әйтеке биден қалған сөз» атты шешендік сөздерден сайыс өтті. Қазақ халқының даналығы мен дәстүрлі шешендік асыл қазынасын оқырмандарға ұғындыру, мән-мағынасын ашу. Жас ұрпақты шешендік сөздер арқылы тапқырлыққа, шапшандыққа тәрбиелеу мақсатында өткен сайысқа қала мектептерінің 8 сынып арасында Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі мен М.Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп-гимназиясының үш оқушыдан құралған 2
"Әкелер форумы" өткізілді.
09
февраль
2024
"Әкелер форумы" өткізілді.
"Даналық мектебі" жобасы аясында 08.02.2024 күні мектебімізде әкелердің қатысуымен "Әкелер форумы" өткізілді. Шараға «AMANAT» партиясы Жетісу облыстық филиалының төрағасы, «Әкелер одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігі Жетісу облыстық филиалының төрағасы Арын Арыстанғали Қадырұлы мен «AMANAT» партиясы төрағасының орынбасары Досмұхамбетов Асхат Сейденұлы қатысып әкенің отбасындағы рөлі мен бала тәрбиесіне қатысты ойларымен бөлісті. Өз сөздерінде патриоттық сезімді дарытып, адамгершілік
Кезекті түнгі рейд
08
февраль
2024
Кезекті түнгі рейд
Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында 2024 жылдың 7-8 ақпан күндері қалалық Ювеналдық полиция тобының қызметкерлері, қалалық білім бөлімі мен білім беру мекемелерімен бірлесе түнгі уақытта «Түнгі қаладағы балалар» атты жедел-профилактикалық рейдтік шаралар жүргізілді. Рейдтік шара қала бойынша компьютерлік клубтарға, кафелерге, ойын-сауық клубтарға, мейрамханаларға, саябақтар мен жағажайларда және көпқабатты үйлердің ауласына ұйымдастырылды. Рейд барысында
Полициямен бірлескен жұмыс
07
февраль
2024
Полициямен бірлескен жұмыс
Талдықорған ҚПБ ЖПҚБ ЮПТ УИ полиция аға лейтенанты Д.А. Турсынова мен КПБ жедел уәкілі полиция аға лейтенанты Базарханов Абылай Жағдатұлы және Талдықорған қаласы Б.Жолбарысұлы атындағы №18 мектеп-лицейінің әкімшілігімен бірлесіп 8-11 сынып оқушыларымен профилактикалық сағат жүргізді. Шара барысында жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, Маргинал жастары, буллингтің алдың алу, есірткі заттарының зияны, жыныстық тиіспеушілік, хабар ошарсыз үйден кету деректері, жол жүру ережелерін