Информация » Страница 154 » Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
"Бір тал кессең, он тал ек!"
01
май
2018
"Бір тал кессең, он тал ек!"
Ағымдағы жылдың 28 сәуір күні Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналған білім және ғылым қызметкерлері қалалық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен мектебімізде «Адам үшін ең алтын қазына – еңбек ете білу, еңбекті қорғай білу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Оған қаламыздың ардагер ұстаздары, білім беру мекемелерінің басшылары, кәсіподақ ұйымының төрайымдары, жас мамандар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Шара соңында "Бір тал кессең, он тал ек!" ұранымен мектеп ауласына
"Білім жолы" республикалық зияткерлік марафоны
01
май
2018
"Білім жолы" республикалық зияткерлік марафоны
Үстіміздегі жылдың 28 сәуірінде өткен "Білім жолы" республикалық зияткерлік марафонына бастауыш сынып оқушылары қатысып, "Асыл мұра" номинациясына ие болды. Жетекшілері бастауыш сынып мұғалімдері Айнұр Лаубаева мен Раушан Орынбекова. Құттықтаймыз!
Республикалық "Ілияс оқулары" байқауында І орын!
01
май
2018
Республикалық "Ілияс оқулары" байқауында І орын!
Мектебіміздің 6а сынып оқушысы Данабай Әлібек Жансүгіров кентінде өткен ХІ Республикалық "Ілияс оқулары" байқауында І орынға ие болды. Жетекшісі қазақ тілі пәнінің мұғалімі Жадрашова Айкерім. Құттықтаймыз!
Жас өрт сөндірушілеріміз ІІ орынға ие болды!
01
май
2018
Жас өрт сөндірушілеріміз ІІ орынға ие болды!
Үстіміздегі жылдың 26 сәуірінде Талдықорған агро-техникалық колледжі стадионыңда Алматы облысы Төтенше жағдайлар Департаменті мен Өрттен құтқару спорты федерациясының ұйымдастыруымен қала мектептерінің жас өрт сөндірушілер жасақтары арасында өрттен құтқару спортынан жарыс өткізілді. Нәтижесінде І орынға №14 мектеп, ІІ орынға №18 және ІІІ орынға №16 мектеп командалары ие болды. Сондай-ақ 15-тен астам қатысушы номинация иегері атанды. Барлық жүлдегерлер бағалы сыйлық пен кубоктармен марапатталды.
"Вакцинация- өмір үшін!"
01
май
2018
"Вакцинация- өмір үшін!"
25.04.2018 күні мектебімізде "Вакцинация- өмір үшін!" ұранымен акция өткізді. Шараның мақсаты - білімалушылар мен қызметкерлерге вакцина егудің пайдасын насихаттау. Салауатты өмір салтын дәріптеу. Осы шара барысында барлық сынып оқушыларынан сауалнама алынып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жоғары сынып оқушылары жергілікті денсаулық басқармасынан келген мамандармен кездесу өткізілді.
VІІІ-ші облыстық Қ.Байсеитов атындағы байқаудан жүлде!
24
апрель
2018
VІІІ-ші облыстық Қ.Байсеитов атындағы байқаудан жүлде!
Мектебіміздің 9 сынып оқушысы Мұратова Дамира қаламызда өткен VІІІ-ші облыстық Қ.Байсеитов атындағы жас орындаушылар байқауында "Вокал" жанры бойынша ІІІ дәрежелі дипломға ие болды! Құттықтаймыз!!!
"Сарын"байқауынан жүлде!
24
апрель
2018
"Сарын"байқауынан жүлде!
Елордамыз Астананың 20 жылдығына арналған аймақтық "Сарын" өнер байқауында мектебіміздің 3 сынып оқушысы Құрмаш Инабат "Бас жүлдені" жеңіп алды! Сынып жетекшісі Оспанова Қамаш Ануарбекқызы. Құттықтаймыз!
"Атадан мұра" байқауынан жүлде!
24
апрель
2018
"Атадан мұра" байқауынан жүлде!
Мектебіміздің 5б сынып оқушысы Шлембаев Сұңқар Алматы қаласында өткен "Атадан мұра" атты Халықаралық өнер мен білім байқауында "Аспапта ойнау" жанры бойынша жүлделі ІІІ орынға ие болды. Құттықтаймыз!!!
Кезекті әдістемелік күні өтті
21
апрель
2018
Кезекті әдістемелік күні өтті
Ағымдағы жылдың 21 сәуір күні мектебімізде кезекті әдістемелік күні өтті. Ұйымдастыру бөлімінде мектебіміздің психологы Талшын Нұрғалиева мектеп ұжымына психологиялық тренинг жүргізді. Негізгі бөлімде бастауыш сынып мұғалімдері Әсем Әбуғалиева мен Раушан Орынбекова "Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру жұмыстарының жүргізілуі" тақырыбында шебер сынып өткізді. Ал орыс тілі пәнінің мұғалімі, мектебіміздің тренері Светлана Дәуренбекова сыныптарда жүргізілген "Lesson Study"-
"Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы"
21
апрель
2018
"Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы"
2018 жылдың 19 сәуір күні мектебіміздің кітапхана меңгерушісі Мариам Ботаева мен қазақ тілі пәнінің мұғалімі Лаура Ирсимбетованың ұйымдастыруымен 9 сынып оқушыларына "Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы" тақырыбында іздену-зерттеу сабағы жүргізілді. Мақсаты: Оқушылардың Ш.Құдайбердіұлы туралы білімдерін тексеру, дамыту. Ақын өлендерінің идеяларын ашу. рухани-адамгершілік қағидаларымен танысу, өлеңдерін нақышына келтіре оқи отырып, негізгі түйінді таба білуге дағдыландыру.