20
январь
2023
“Балауса” қыздар ұйымының кезекті жұмысы
2023 жылдың 20 қаңтар күні педагог- ұйымдастырушы Б.Тайыржан және “Балауса” қыздар ұйымының жетекшілерімен бірігіп, 8-9 және 10-11 сынып қыздарымен қыздар жиналыстарын өткізді. Мектеп психологтары Д.Көкежанова мен А.Бекзада “Мектептегі буллингтің алдын алу. Буллинг сызбасы” тақырыбында таныстырылым жасап, қыздармен талқылады. Мектеп Президенті 8 “А” сынып оқушысы Қожрахмет Ақсая “Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі” тақырыбында баяндамасын оқыды. Ал Полиция қызметкерлері, мектеп инспекторлары Д.Турсынова, Г.Сәкенова, Т.Құсайынова қыздар арасындағы болып жатқан бұзақылық оқиғалардың алдын алу мақсатында заң жүзінде түсініктемелер беріп, оқушылардың бірқатар сұрақтарына жауап берді.









