07
октябрь
2022
"Биылғы оқу жылындағы қорытынды аттестаттау мен ЕНТ -ге оқушылардың дайындығы"
2022 жылдың 4 қазан күні директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ.М.Әмірова 11 сынып түлектерінің ата-аналарымен "Биылғы оқу жылындағы қорытынды аттестаттау мен ЕНТ -ге оқушылардың дайындығы" тақырыбында жиналыс өткізді. Шара барысында алғашқыда мектеп психологы ата-аналармен тренинг жүргізді, әрмен қарай жиналыста оқушылардың таңдау пәндерін қалай таңдап алғаны, түлектердің ЕНТ дайындығы, соның ішінде "Алтын белгіге" және "Лучший аттестатқа" үміткерлердің дайындығы туралы айтылды. Мектепте жүргізілетін қосымша сабақтардың кестесі таныстырылды. Түлектердің күнделікті сабаққа қатысуы, мектептен тыс қосымша дайындық орталықтарына қатысуы және мектеп тарапынан ұйымдастырылып отырған қосымша сабақтарға қатысу туралы айтылды. Сонымен қатар Алтын белгіге үміткерлердің қорытынды аттестаттау кезінде Назарбаев Зияткерлік мектебінде алгебра пәнінен жазбаша емтихан тапсыруына байланысты осы балалармен жеке қосымша сабақтардың ұйымдастырылуы туралы айтылды, мектепішілік бұйрық шығарылып, жауапты пән мұғалімдері бекітілгенді туралы таныстырылды. Сондай-ақ жалпы 11 сынып түлектерінің аттестат алуға дейінге рәсімдері мен ЕНТ өткізілу тәртібі туралы таныстырылды. ЕНТ қатысты барлық ережелер, нұсқаулықтар ата-аналарға толық түсіндірілді.






