26
сентябрь
2022
«Педагогикалық ұжымдағы қарым-қатынас»
22.09.2022 күні жас мамандармен және жаңадан келген мұғалімдермен «Педагогикалық ұжымдағы қарым-қатынас» тақырыбында танысу-тренингі ұйымдастырылды. Мақсаты: мұғалімдердің психологиялық көңіл күйлерін көтеру, өздеріне құрметпен қарауға баулу, сыйластық қарым-қатынас орната отыра кәсіби шеберліктерін арттыру және ұжым боп жұмыс істеуді дамыту. Тренинг барысында жас мамандармен түрлі қызықты ойындар ойнатылды, ұстаздық жолында кеңестер берілді.




