19
апрель
2021
«Ата-ана үлгісі-бала тәрбиесінің нәтижелігінің кепілі»
2021 жылдың 16 сәуір күні «Ата-ана үлгісі-бала тәрбиесінің нәтижелігінің кепілі» тақырыбында қала мектептері ата-аналарына арналған қалалық вебинар өткізілді. Аталмыш вебинарда мектеп психологтары тарапынан, А.Н.Нұғыманова мен Д.Қ.Көкежанова "Ата-аналар махаббаты: Баланың оны сезініп, естіп және көруіне қалай қол жеткізуге болады" тақырыбында дәріс оқылып, кеңестер берілді. Шара соңында ата-аналар өз алғыстарын айтып, жылы лебіздерін білдірді. Мақсаты: Ата-ананың бала тәрбиесіндегі алар орны туралы түсініктер бере отырып, баламен жағымды қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға ықпал ету.
