06
май
2022
«Елін қорғау – ерге серт»
"Балалар жылы" аясында 7 мамыр Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Ұлы Жеңістің 77 жылдығына арналған апталық ұйымдастырылды. Апталық аясында бастауыш сыныптарда «Елін қорғау – ерге серт» тәлім сағаттары, 5-6 сыныптарда «Қазақтың батыр қыздары», 7 сыныптарда «Ту тіккен Рақымжан», 8 сыныптарда «Қазақтың текті қыраны -Талғат Бигелдинов», 9 сыныптарда «Батыр тұлға - Бауыржан» тақырыптарында ерлік сағаттары өткізілді. 10-11 сыныптарда «Отанды сүю – отбасынан» тақырыбында эссе жазу ұйымдастырылды. Сонымен қатар өнерлі оқушылар арасында патриоттық әндер челленджі, «Отанды қорғау – абыройлы міндет» тақырыбында сурет салу эстафетасы жүргізілді. Жас мамандардың ұйымдастыруымен «Ер жігіт – ел-жұртының панасы» атты Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды. Мектеп кітапханасында «Рухы биік, есімі мәңгі» атты даңқ бұрышы ұйымдастырылып, библиграфиялық шолу жүргізілді.
















