“Мен және менің полицейім” имидждік акциясы өткізілді » Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » “Мен және менің полицейім” имидждік акциясы өткізілді
18
апрель
2022

“Мен және менің полицейім” имидждік акциясы өткізілді

2022 жылдың 11-15 сәуір күндері аралығында “Мен және менің полицейім” имидждік акциясы өткізілді. Акция барысында білім алушылармен "Полицей - дос және қорғаушы" тақырыбында дәрістер жүргізілді. Сондай-ақ кадет сыныбы оқушыларына қаламыздағы Алматы облыстық Полиция департаменті мұражайына танымдық саяхат ұйымдастырылды. Аталмыш мұражайда Жетісу жерінде алғаш құрылған милиция сарбаздарының арнайы пішінді киімі мен сол кезде қолданған қару-жарағы, сонымен бірге, қызметтік міндетін орындау кезінде ерлік көрсеткендердің өмірі мен қызметін баяндайтын деректер оқушылардың қызығушылықтарын оятты. “Мен және менің полицейім” акциясының негізгі мақсаты: жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын қалыптастыру, отбасылық және адамгершілік-рухани құндылықтарды насихаттау, азаматтардың ішкі істер органдарына сенімін арттыру, сондай-ақ жеткіншектерді полиция жұмысымен таныстыру және оларға қауіпсіздік шараларын үйрету.