30
ноябрь
2019
Мұражайларға танымдық саяхат
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, «Тәрбие және білім» ішкі бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында және «Өлкетану» бағыты бойынша 2019 жылдың 29-30 қараша күндері мектебіміздің 1-4 сынып оқушыларына қаламыздағы М.Тынышпаев атындағы өлкетану мұражайы мен І.Жансүгіров атындағы әдеби-мемориалдық мұражайына танымдық саяхат ұйымдастырылды. Мақсаты: Школьникам тарихи-өлкетану мұражайы жайлы және тарихшы-өлкетанушы Мұхаметжан Тынышпаев пен І.Жансүгіровтің өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік беру. Оқушылардың ой-өрістерін, танымдық қабілеттерін арттыру, туған өлке тарихына деген қызығушылығын қолдау және дамыту.