17
февраль
2022
"Ауғанның от жалыны"
2022 жылдың 17 ақпан күні мектебімізде АӘДТ пәнінің мұғалімдері Б.Мустафинов пен Қ.Қамзаның және "Жас Ұлан" БЖ ұйымы белсенділерінің ұйымдастыруымен "Ауғанның от жалыны" атты Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өткізілді. Кездесу кешімізге Айнеков Марат Сейтайұлы мен Омаров Амангелді Жұмаханұлы қатысты. Мақсаты: Школьникам Ауған соғысы жайлы толық мәлімет беру, ардагер ағалармен ашық әңгімелесу, сұхбаттасу; Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету. Шара барысында жас кадеттеріміз патриоттық әндер шырқап, әскери көріністер қойды. Батыр ағаларымыз өскелен ұрпаққа өз ақыл-кеңестерін беріп, мектеп ұжымы мен оқушыларға алғыстарын білдірді. Сондай-ақ 54380 әскери бөлімінде қызмет етіп жүрген, Отанымыздың тыныштығын қорғауда жоғары жетістіктер көрсетіп жүрген сержант Сагиев Айдынның 11ә сыныбында оқып жүрген ұлы Берік Шалқар 54380 әскери бөлімінің командирі полковник К.Мырзагалиевтің Алғыс хатымен марапатталды.




















