Сынып жетекшілер отырысы » Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
03
ноябрь
2021

Сынып жетекшілер отырысы

Үстіміздегі жылдың 03 қараша күні мектептің тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен кезекті сынып жетекшілер отырысы өткізілді. Шара барысында тәрбие жұмысы бойынша біршама мәселелер талқыланды. Атап айтсақ, тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі құқықтық құжаттары, тәрбие және сынып сағаттарының өтілу сапасы мен өзектілігі, ата-аналармен жүргізілетін жұмыс бағыты, жасөспірімдер арасындағы зиянды әдеттер, оның зардабы, сонымен қатар суицид пен діни экстремизмді насихаттайтын қауіпті аккаунттар және одан қорғану шаралары туралы түсіндіріліп, көрсетілді. Сондай-ақ оқушының сырт бейнесі, тәртібі, кешікпеуі, шаралардың өтілу реті мен маңыздылығы және ата-аналармен жұмысты күшейту тапсырылды.