11
апрель
2021
"Қауіпсіз интернет"
2021 жылғы 4-19 сәуір аралығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бастамасымен республиканың білім беру мекемелерінде «Қауіпсіз Интернет» ақпараттық кампаниясы өткізілуде. Осы орайда мектеп бойынша жоспар құрылып, іс-шаралар өткізілді. Осы аптада 1-2 сыныптарда «Интернет дегеніміз не?», 3-4 сыныптарда «Балаларға қауіпсіз интернет бала кезінен қажет», 5-6 сыныптарда «Пайдалы әрі қауіпсіз интернет» тақырыптарында тәрбие сағаттары өткізілді, мектеп психологтары тарапынан «Балалар арасындағы интернет-тәуелділік қалыптасуының алдын алу» тақырыбында психологиялық кеңестер берілді және 1-7 сыныптар аралығында «Интернет және біз» сурет салу эстафетасы жүргізілді. Сонымен қатар «Ғаламтор шырмауындағы бала» тақырыбында ата-аналар жиналыстары өткізілді.
Кампанияның басты мақсаты: балалар мен ересектер арасында интернет ресурстарды пайдалану мәдениетін қалыптастыру, интернеттегі сұхбаттасушыларға құрметпен қарау, желідегі қолданушыларының жауапкершілігін жоғарылату, ересек қолданушылардың кәмелетке толмағандардың интернет сауаттылығына жауапкершілігі туралы ақпараттандыру.
Аталмыш науқан 19 сәуірге дейін жалғасын таппақ.