21
январь
2021
"Жастар арасындағы қауіпті іс-әрекеттің алдын алу"
2021 жылдың 20 қаңтар күні Талдықорған жастары ұйымдастыруымен Алматы облысы Дін істері басқармасы діни экстремизм құрбандары мен деструктивті ағым ұстанушыларын оңалту орталығының бөлім басшысы Матаев Ерлан Жұманұлы қала көлемінде "Жастар арасындағы қауіпті іс-әрекеттің алдын алу" тақырыбында тікелей эфирде онлайн дәріс өткізді. Аталмыш дәріске мектебіміздің 8-11 сынып оқушылары қатысты. Эфир барысында жастар арасындағы құқыбұзушылық пен өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу туралы сөз қозғалды, сондай-ақ ұлттық тәрбиеге байланысты ғұлама ойшылдарымыздың ғибратты әңгімелерінен мысалдар келтіріп, жастарға біраз ой салды.