17
октябрь
2019
"Шанс" орталығымен бірлескен шара
Ағымдағы жылдың 23 қыркүйек күні мектебімізде 8-9 сынып оқушыларына Алматы облысы Талдықорған қаласындағы «Шанс» жасөспірімдерге әлеуметтік-психологиялық және құқықтық көмек көрсету орталығының қызметкерлері, заңгер мен психологтары түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Шара барысында жасөспірімдердің құқығы мен міндеті жайлы, қай жастан бастап заң алдында жауап беретіні туралы, ата-ана алардың заң алдындағы жауапкершілігі туралы, балалардың бос уақытын тиімді пайдалану туралы, балаларға қатысты зорлық-зомбылық, қатыгездік пен бопсалаушылық туралы, түнгі уақытта ата-анасыз көшеде жүруге болмайтыны туралы және әр қазақстандықтың азаматтық борыштары туралы сөз қозғалып, ақыл-кеңестер берілді. Қатысушылар өзара пікір алмасып, ойларымен бөлісті.