19
ноябрь
2020
Дені саудың - жаны сау
Үстіміздегі жылдың 13 қараша күні қаламыздағы "Салауатты өмір салтын насихаттау орталғының" маманы Сыдықбекова Марианна Амангелдіқызы мен "Облыстық психикалық денсаулық орталығының" жоғары санатты дәрігері, нарколог Нұрдаулетов Болат Қыдырқожаұлы мектебіміздің сынып жетекшілерімен вебинар өткізді. Аталмыш шарада жұқпалы емес аурулар туралы және қазіргі заман дертіне айналған нашақорлық туралы сөз қозғалды. Вебинар барысында тақырыпқа сай викториналық ойын жүргізіліп, ұстаздарымыз, Айсұлу Байғалиқызы, Махаббат Медетбекқызы және Бота Төлегенқызы сыйлықтар ұтып алды.