"Бір ел, бір кітап" акциясы - «Тәуелсіздік дәуірі» » Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » "Бір ел, бір кітап" акциясы - «Тәуелсіздік дәуірі»
15
март
2018

"Бір ел, бір кітап" акциясы - «Тәуелсіздік дәуірі»

"Бір ел, бір кітап" акциясы аясында 2018 жылдың 14 наурыз күні мектебіміздің кітапханашысы Б.Ботаева мен тарих пәнінің мұғалімі Г.Нұрахметованың ұйымдастыруымен ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабына конференция өткізілді. Кіріспе сөзді Б.Ботаева алып, шараның мақсатымен және маңыздылығымен таныстырып өтті. Конференцияны өткізу мақсаты: Елбасының еліміздің жаңа тарихы мен оның ертеңіне деген көзқарасының болашақ үшін жасампаз еңбек , тағылымда тарих екенін оқырмандарға ұғындыру, жеткізу. Бұл кітап төрт бөлімнен тұрады.
1 бөлім «Мемлекетіміздің дүниеге келуі. Қазақстанның бірінші жаңғыруы (1991-1995 жылдар)»
ІІ- бөім «Ұлы бетбұрыс. Қазақстанның екінші жаңғыруының басталуы (1996-1999 жылдар)»,
ІІІ- бөім «Қияға құлаш сермеу. Қазақстанның екінші жаңғыруы (2000-2010 жылдар)»,
ІV- бөім «Қалыптасқан мемлекет. Қазақстанның үшінші жаңғыруы (2010-шы жылдар)» бөлімдері оқырман қауымның назарына ұсынылып отыр. Осы аталған бөлімдер бойынша тарих пәнінің мұғалімі Г.Нұрахметова түсіндірме жүргізді. Шара барысында оқушылар өз ойларын, пікірлерімен бөлісті. Аталмыш конференцияны мектебіміздің ғылыми-әдістемелік жөніндегі орынбасары Биғайша Секрікболқызы Қауметова қорытындылады.«Тәуелсіздік дәуірі» кітабы әрбір азаматымыздың тағдыры туралы жазылған. Мұнда барлық қазақстандықтардың шежіресі мен тарихы қамтылған.
"Бір ел, бір кітап" акциясы - «Тәуелсіздік дәуірі»
"Бір ел, бір кітап" акциясы - «Тәуелсіздік дәуірі»
"Бір ел, бір кітап" акциясы - «Тәуелсіздік дәуірі»
"Бір ел, бір кітап" акциясы - «Тәуелсіздік дәуірі»
"Бір ел, бір кітап" акциясы - «Тәуелсіздік дәуірі»
"Бір ел, бір кітап" акциясы - «Тәуелсіздік дәуірі»