01
февраль
2019
"Саламатты Қазақстан"
31.01.19 күні "Саламатты Қазақстан" бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында мектебіміздің 6-7 сынып оқушылары Алматы облыстық наркологиялық диспансері қызметкері Чевненко Татьяна Ивановнамен және Алматы облыстық салауатты өмір салты кабинеті қызметкерлері Сыдықбекова Марьянна Амангельдиевна мен Сұлтанбекова Айгерім Жасболатқызымен кездесу өткізілді. Осы аталмыш кездесуде оқушылармен зиянды заттардың адам ағзасына және қоғамға алып келетін кері әсері жайлы, сонымен қатар тұмау, қызылша, туберкулез ауру түрлері жайлы, оның алдын алу шаралары туралы әңгіме -кеңес жүргізді. Шара соныңда "Біз тұмауға қарсымыз!" ұранымен балаларға тегін бетперделер /маска/ таратылды. Деніміз сау, еліміз тыныш болып, Отанымыз көркейе берсін!