«Әкенің бала тәрбиесіндегі рөлі» тақырыбы Әкелер жиналысы өткізілді » Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » «Әкенің бала тәрбиесіндегі рөлі» тақырыбы Әкелер жиналысы өткізілді
17
октябрь
2024

«Әкенің бала тәрбиесіндегі рөлі» тақырыбы Әкелер жиналысы өткізілді

"Әкелер мектебі" жобасы аясында 16.10.2024 күні мектебімізде әкелердің қатысуымен «Әкенің бала тәрбиесіндегі рөлі» тақырыбы Әкелер жиналысы өткізілді. Шараға белгілі журналист, «Иманашар», «Жәдігер», «Ойтүрткі», «Тіл тағдыры», «Ғибрат» т.с. секілді теле-бағдарламалардың авторы Жұмахмет Жанахметұлы Жайлаубаев, Жетісу облыстық «Jetisý» газетінің бас редакторы Жұматай Оспанұлы Әміреев, Ауған соғысы ардагері және Ішкі істер Министрлігінің ардагері Утеев Равиль, Талдыкорган қаласы Ауған соғысы ардагерлерінің ұйымының төрағасы, Есбатыров Мақсат Сагиевич және мектепішілік «Әкелер мектебі» кеңесінің төрағасы Абылай Қожақов қатысып, әкенің бала тәрбиесіндегі рөлі мен отбасына қатысты ойларымен бөлісті. Өз сөздерінде патриоттық сезімді дарытып, адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудағы әке рөлін көтеру мәселелеріне қоғам назарын аудару қажет деп атап өтті. Осы орайда, кеңесте белсенді әкелердің басы қосылып, алдыңғы буынның оңды тәрбиесін, ата-аналар қауымдастығының жұмысын жетілдірудегі өзекті сұрақтарды талқылау сынды бірқатар мәселелерге тоқталды.
Мектеп-лицей директоры Салтанат Бейсенбайқызы осы 2024-2025 оқу жылында әкелерден бала тәрбиесіне байланысты мектептегі іс-шараларға белсенді түрде қатысуға шақыру.