ВАКАНСИЯ » Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
23
август
2022

ВАКАНСИЯ

"Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің «Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі» КММ-сі ENBEK. KZ. электронды биржасына, әлеуметтік желі нысандарына мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерін бос лауазымға тағайындауға конкурс жариялайды!
Конкурс Білім және ғылым министрлігінің 2021 жылғы 19 қарашадағы №568 бұйрығы және Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 22 қарашадағы №432 бірлескен бұйрығына сәйкес ұйымдастырылады. Конкурсқа құжаттарды аталған бұйрықтың 1 қосымшасында берілген талаптарға сәйкес қабылданады. Конкурсқа қатысушы кандидаттарды бағалау 11 қосымшасы бойынша жүргізіледі.
1. Математика пәні мұғалімі, қазақ сыныптарына - 1 жүктеме (16 сағат) - декереттік демалыстағы бос лауазымға
2. Ағылшын тілі пәні мұғалімі, қазақ сыныптарына - 2 жүктеме (16 сағаттан)
3. Тарих пәні мұғалімі, қазақ сыныптарына - 1 жүктеме (16 сағат)
Конкурстың өткізілу уақыты: 31.08.2022 ж, сағат 10.30, Әдістемелік кабинет, 3 этаж.
Мекен-жайы: Алматы облысы, Талдықорған қаласы,
Біржан Сал улица 108,
электронды пошта: tmektep18@mail.ru
Тел: 87025947819, жұмыс тел: 24-33-11
https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2100025349#z8
Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1.Осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2. Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3. Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4. Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5. Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6. "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7. психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8. наркологиялық ұйымнан анықтама;
9. Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ЕНТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
10. 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
Осы Қағидалардың 107-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.
Білуге міндетті:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдарын, білім беруді дамытудың бағыттары мен перспектикваларын айқындайтын мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын және басқа да нормативтік құқықтық актілерді.