Эссе байқауы ұйымдастырылды » Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
19
май
2025

Эссе байқауы ұйымдастырылды

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы шеңберінде білім беру ұйымдарында Эссе байқауы ұйымдастырылды.
Мақсаты: Білім алушылардың өз білімдері мен іс-әрекеттерін ел дамуына, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасына қосқан үлесі ретінде бағалап, болашаққа саналы мақсаттар мен жоспар құруына ықпал ету.
Эссе келесі тақырыптарда жазылды:
1–4 сыныптар: «Таза Қазақстан» тақырыптық бағытында:
• Сен «Таза Қазақстанға» қандай үлес қоса аласың?
• Қоршаған ортаның тазалығын сақтау үшін не істеу керек?
• Мен табиғатты қорғаймын, себебі...
5–9 сыныптар: «Заң және тәртіп» тақырыптық бағытында:
• Заң мен тәртіп сақталу үшін не істеу керек?
• Заңды орындау қоғамның дамуына қалай әсер етеді?
• Сен қоғамдық тәртіпті орнатуға қандай үлес қоса аласың?
10–11 сыныптар: «Адал азамат» тақырыптық бағытында:
• Сен үшін «Адал азамат» деген кім?
• Қоғамның дамуына адалдық қалай әсер етеді?
• Ар-ұждан мен намыс адалдыққа қалай әсер етеді?