13
май
2018
ICILS-2018 халықаралық апробациялық зерттеуі өткізілді
Үстіміздегі жылдың 12 мамыр күні мектебімізде ICILS-2018 халықаралық апробациялық зерттеуі өткізілді. ICILS зерттеуінің мақсаты – 8 сынып оқитын оқушылардың IT-құзыреттері деңгейін бағалау және олардың оқу жетістігіне ықпалын анықтау. Бұл зерттеу оқушылардың IT-құызретін қалыптастыру мектеп біліміне қалай әсер етеді және балалардың IT-дағдыларының дамуына қандай факторлар әсер етеді деген сұрақтарға жауап береді. Өткізілу реті: оқушыларды тестілеу және оқушылардан, мектеп әкімшілігінен, мұғалімдерден және АКТ-үйлестірушілерінен сауалнама алу. Осы зерттеуге қатысқан 19 оқушы мен 20 мұғалімге мектеп әкімшілігі алғыстарын білдіреді. ICILS-тың нәтижелері Қазақстанның білім беру саласында оң өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді деп үміттенеміз.