08
апрель
2025
Ұлт болашағы тәрбиелі ұрпақ
Біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде, “Әдеп және құқық” менторлық жобасы аясында 07.04.2025 күні Жетісу облысының ардагерлер кеңесінің төрағасы Келемсейіт Ермек Әбілмәжінұлы жоғары сынып оқушыларымен TED-X форматында ерекше кездесу өткізді. Шара барысында жастарға өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, еліміздің болашағына деген жауапкершілікті сезінудің маңыздылығын атап өтті.
Кездесуде Ермек Әбілмәжінұлы жас ұрпаққа болашаққа бағыт-бағдар беру, түрлі қиындықтармен күресу жолдары және қоғамда өз орнын табудың маңызы туралы ойларымен бөлісті. https://www.instagram.com/p/DIJIoSuCUhD/
