24
октябрь
2023
Жетісу облысы білім басқармасының басшысы оқушылармен кездесті
24 қазан күні «Әдеп-құқық жөніндегі ментор» жобасы аясында Жетісу облысы білім басқармасының басшысы Марат Сулейменов Талдықорған қаласы №18 орта мектеп-лицейінің оқушыларымен кездесті.
Марат Бекбосынұлы оқушылардың түрлі сұрақтарына жауап бере отырып, балалармен мемлекеттік қызметке келу жолымен, өмірлік және кәсіби тәжірибелерімен бөлісті. Кездесу барысында отбасы құндылықтары, ата-анаға деген құрмет пен қамқорлық, оқушылар арасындағы құқықбұзушылық, буллинг пен кибербуллинг және мамандық таңдау туралы тақырыптар қамтылды.
Жалпы, кездесу оқушылар үшін қызықты әрі пайдалы болды. https://www.instagram.com/p/CyyVWGoJ3Q2/?hl=ru
