Қажымұқан туралы фильм – Ұлы тұлғаға тағзым! » Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » Қажымұқан туралы фильм – Ұлы тұлғаға тағзым!
20
март
2025

Қажымұқан туралы фильм – Ұлы тұлғаға тағзым!

- Наурызнама жоспарына сай оқушыларға қазақ халқының даңқты балуаны, әлемге танымал тұлға Қажымұқан Мұңайтпасұлы туралы “Қажымұқан” атты отандық фильмі көрсетілді. Қажымұқан — тек физикалық күшімен ғана емес, ерік-жігері мен табандылығымен де жұртшылыққа үлгі болған адам. Ол өзінің өмір жолымен қазақ күресінің дамуына айтарлықтай үлес қосып, әлемнің бірнеше елінде еліміздің атын шығарды.
- Фильм арқылы оқушыларымыз Қажымұқанның өмірі мен ерлігі туралы тереңірек түсінік алды. Оның күрестегі жетістіктері мен қиыншылықтарға төтеп беруі әрқайсымызға үлкен сабақ.
- Қажымұқанның өмірі мен күрес жолы бізге рухани күш береді. Өз мақсатымызға жету үшін табандылық, еңбек пен адалдықты ұстану маңызды екенін түсіндік  - деп, көрмендеріміз фильмнен алған әсерлерімен бөлісті.