«Бала қауіпсіздігі - басты назарда!» » Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
18
март
2025

«Бала қауіпсіздігі - басты назарда!»

«Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі» КММ 

Жалпы ата - аналар жиналысының 

ΧΑΤΤΑΜАСЫ


Күні: 17.03.2025 ж. 


Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы № 18 орта мектеп лицейі оқушыларының ата- аналары арасында жиналыс болып өтті.

Қатысқандар:

1.С.Б.Жанаберлиева – мектеп директоры

2. Қ.Ж.Қуанышбаев – ДТЖ орынбасары

3. Б.Т.Тайыржан – ДТЖ орынбасары

4. М.Е.Сарсебаев – Әдеп-құқық менторы

5. Г.Кумарова – ата-ана комитеті төрайымы

Қатысқаны – 112 (әр сыныптан ата-ана комитеті мен көмекшілері)


Күн тәртібінде:

«Бала қауіпсіздігі - басты назарда!»


Тыңдалды:

         Мектеп әкімшілігі қауіпсіздік ережелерімен ата аналарды таныстырып, кұрметті ата-аналар, көктем басталуымен көшеде ықтимал қауіптер көбейеді, сондықтан балалардың қысқы маусымда қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын қалыптастыру мәселесі өзекті болып табылады. Ата-ана баланы көктем мезгілінде болатын қауіп-қатерден қорғап қана қоймай, оларда қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын қалыптастыру керек. Сол себепті көктем мезгіліндегі қауіпсіздік бойынша нұсқауларды назарға алуларыңызды сұраймыз! Жолда бала сақ жүруіне, абай болуына ата - аналарға профилактикалық жұмыстар жүргізіп, қол қойғызып отырмыз. Өмір қауіпсіздік негіздерін басшылыққа ала отырып көктемгі каникул уақытында, ягни 21.03.2025 мен 31.03.2025 ж. демалыс күндері, мереке күндеріндегі балаңыздың өмір қауіпсіздігіне тікелей жауапты екеніңізді ескертеміз. Балаңызды зиянды заттардан (темекі, насыбай, нашақорлық, спирттік ішімдіктер, улы заттар, суық қару, жарылғыш заттар т.б) сақтандырыңыз. Түнгі клубтарға, жиын-кештерге, танымайтын ортаға рұқсатсыз жібермеңіз. Тауға серуенге, көлге шомылуға, табиғатқа саяхатқа тек өзіңізбен бірге апарыңыз. Туған-таныстарыңыздың үйіне сенімді адаммен ғана жіберіңіз. Туыстық қатнасы жоқ адамдардың үйіне жібермеңіз. Беймезгіл уақытта компьютер клубтарында болмауын, танымайтын бөтен адамдардың көлігіне мінбеуін қадағалаңыз. Үйде болғанда бейтаныс адамдарға есік ашпауын, сұхбаттаспауын ескертіңіз. 

Есте сақтаңыз:

- Кешкі сағат 22.00- ден кейін үйден шығармауға;

- Су жағалауында ойнамауына;

- Көшедегі қауіпсіздік ережелерін сақтауға;

- Жолда жүру ережесін сақтауға;

- Кешкі уақытта жұмыс жасамауға (официант, курьер, мобиограф т.с.с)

- Скутер, мопед, автокөлік жүргізуге болмайтыны;

- Темір жолда жүру ережесін сақтауға;

- Үйлер мен мекемелердің самалдықтардың, терезе алдында ойнамауға;

- Жарылғыш заттарды қолданбауға; (питарда, бомбочка)

- Тастанды ғимараттарда және салынып жатқан құрылыс жерлерде ойнамауға;

- Ата-ананың рұқсатынсыз және қарауынсыз еш жаққа кетіп қалмауына;

- Деструктивті ұйымдарға баруға болмайтыны, адамдар көп шоғырланатын жерге баруға болмайтыны;

- Пәтер жалдап сауық-сайран құруға рұқсат жоқ екені ескертіліп отыр;

- Ұялы телефонға әдепсіз ойындар ойнап түсіруге, құқықбұзушылық әрекеттер жасап т.с.с. түсіруге, сондай-ақ әлеуметтік желіге жариялауға болмайтыны;

- Біреуді қорлауға, кемсітуге, әлімжеттік көрсетуге болмайтыны қатаң түрде ескертліп отыр;

- Сонымен қатар: Қазақстан Республикасының Администрация құқық бұзушылықтар туралы Кодексі - 127 - бап. Ата – ананың немесе басқа да заңды өкілдердің балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау.

1. Ата – аналардың немесе басқа да заңды өкілдерінің кәмілетке толмаған балаларды тәрбиелеу мен оқыту жөніндегі міндеттерді орындамауы - Жеті айлық есептік көрсеткіш  мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір  жыл ішінде қайталап жасалған әрекет - жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуғане он бес тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға  әкеп соғады.

442- бап.    Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуы немесе тұрғын жайдан тыс жерлерде болуы

1.Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта (түнгі сағат 22-00 ден таңғы 06-ға дейін) ойын – сауық мекемелерінде болуы,

- заңды өкілдеріне үш айлық көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады

2.Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта (түнгі сағат 23-00 ден таңғы 06-ға дейін) тұрғын жайдан тыс жерлерде болуы

- заңды өкілдеріне ескерту жасауға әкеп соғады 

3.Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер,

Заңды өкілдеріне он бес айлық көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Оқушы қалалық Полиция есебіне алынаты туралы қатаң түрде ескіртілді.



Шешімі: 

1. Бала қауіпсіздігі бойынша әр сынып жетекшілері сынып бойынша ата-аналар жиналысын өткізсін.

2. Сынып жетекшісі ата-аналармен үнемі қарым-қатынаста болып, балаларының жағдайларын сұрап тұрсын.