05
февраль
2025
Профилактикалық кездесу өткізілді
Жетісу облысы білім басқармасының тапсырмасы бойынша үстіміздегі жылдың 05 ақпан күні, «Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі» КММ-де, Талдықорған қаласының білім беру ұйымдарында кәмелетке толмағандар арасында келеңсіз жағдайлардың орын алмау мақсатында 8 -11 сынып оқушылары арасында құқық қорғау мамандары және Жетісу психологиялық орталығының мамандарының қатысуымен профилактикалық кездесу өткізілді. Аталған іс-шараға Жетісу облыстық психологиялық қолдау орталығының психолог-әдіскері - А.Тасжурекова, облыстық АИТВ орталығының алдын алу орталығының меңгерушісі - Айдар Талғатұлы, облыстық психикалық денсаулық орталығынан нарколог-дәрігері - Мұхамеджан Талшын Сағдатқызы және Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты - Мужукова Меруерт Жумабековна қатысты. Білім алушыларға құқық бұзушылықтың салдары, нашақорлық, лудомания, ерте жүктіліктің алдын алу мен көзделген жауапкершілік туралы түсіндіріліп, жан-жақты ақпарат берілді. Аталған іс-шараға барлығы 100 оқушы қатысып, ақпарат алды. https://www.instagram.com/p/DFsUFzOpIAF/
