24
ноябрь
2023
"Қауіпсіз қала" түнгі рейд
«Құқықтық тәртіп» акциясы аясында ағымдағы жылдың қараша айының 22-23 күні Талдықорған ҚПБ ЖПҚБ Ювеналдық полиция тобының қызметкерлері, «Жастар Рухы» Жастар қанаты Жетісу облыстық филиалының қызметкерлерімен, «Жетісу жастары» КММ-ның Талдықорған жастары филиалының өкілдерімен, Талдықорған қаласының білім бөлімінің және Талдықорған қаласының орта мектептерінің өкілдерімен бірлесе, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар мен құқықбұзушылықтардың, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға қатысты жасалатын қылмыстардың алдын алу мақсатында Талдықорған қаласының аумағында орналасқан ойын - сауық орындарында, көшелермен жастардың көп жиналатын орындарында заң бұзушылықтарды анықтау үшін түнгі уақытта рейдтік іс-шарасы жүргізілді.
