"Ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлі", "Бақыттың кілті неде?" » Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » "Ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлі", "Бақыттың кілті неде?"
01
март
2024

"Ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлі", "Бақыттың кілті неде?"

"Даналық мектебі" жобасы аясында мектеп әкімшілігі мен "Әдеп және құқық" менторы Б.Қуанышбаевтың ұйымдастыруымен 28.02.2024 күні жалпы мектепішілік ата-налар жиналысы өткізілді. Аталмыш шараға арнайы шақырылған қонағымыз, Жетісу облысы «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу және оңалту орталығы» КММ-нің дінтанушы теолог-маманы, психолог Мүтебаев Қанат Маратұлы қатысып, "Ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлі", "Бақыттың кілті неде?" тақырыптарында ТЕД-Х форматта ашық алаң өткізді. Шара барысында Қанат Маратұлы мән-мағыналы видеороликтер арқылы ұлттық құндылықтар, отбасындағы тәлім тәрбие, ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-қатынас пен түсініспеушілік және оның балаға кері әсері, өмірдің маңыздылығы, бақытты сәттері мен сәтсіздіктері туралы, бақытты болудың және қиындықтардан шығу жолдары туралы өз ойымен бөлісті. Шара соңында мектеп директоры Салтанат Бейсенбайқызы және қатысқан ата-аналар өз алғыстарын айтып, жылы лебіздерін білдірді. Видео: ​https://www.instagram.com/p/C37EHtApXf1/​​​