01
июнь
2024
"Сәлем, жаз-2024"
1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні аясында Орталық алаңда “Сәлем, жаз – 2024” жазғы маусымының ашылу салтанаты өтті. Осы орайда Талдықорғандық мектеп оқушыларына танымдық саяхаттар ұйымдастырылды. Мектебіміздің 7 сынып оқушылары Үштөбе қаласында орналасқан Қаратал тарихи-өлкетану мұражайына барып қайтты. Сонымен қатар жас жеткіншектерге мерекелік іс-шаралар мен "Ер Төстік" қойылымы тегін ұйымдастырылды.














