31
май
2024
"Біз жемқорлыққа қарсымыз" сурет байқауы
1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ұйымдастыруымен "Біз жемқорлыққа қарсымыз" атты сурет байқауы ұйымдастырылды. Мектебімізден үздік шыққан Қойшын Жангүл мен Медетқызы Медина ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің превенция басқармасы басшысы Ермек Султанкуловтың қолынан марапатталып, сыйлықтарға ие болды. Жетекшісі көркем еңбек пәнінің мұғалімі Б.Т.Омаралин. Құттықтаймыз!












