09
ноябрь
2023
Полиция қызметкерімен кезекті кездесу
Мектебімізде 09.11.2023 күні арнайы келген Талдықорған қаласы Полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Дидар Қалибаев пен мектеп инспекторы, аға лейтенант Д.Тұрсынова 9-11 сынып оқушыларымен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, бопсалау мен әлімжеттіктің, нашақорлықтың, жыныстың тиіспеушілік пен ерте жүктіліктің және жол-көлік оқиғалардың алдын алу бойынша ашық алаң, әңгіме-кеңес жүргізді. Сонымен қатар бұндай жағдайлар орын алғанда балаға және ата-анасына қандай жазалау шаралары қолданылатыны туралы түсіндірілді. Шара барысында оқушылар өз көкейлеріндегі жүрген сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптарын алды. https://www.instagram.com/p/CzdnS55poBB/?hl=ru
