05
октябрь
2023
Төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлерімен кездесу
Ағымдағы жылдың 4-ші қазан күні Талдықорған қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлері, Төтенше жағдайлар басқарма бастығының орынбасары азаматтық қорғау подполковнигі Сүйербаев Болат Өмірсерікұлы мен Төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты Орысбай Жан Дастанұлы «Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы 18-орта мектеп лицейінде» 11 сынып оқушыларымен "Кәсіптік бағдар беру" бойынша және "Бейбіт күндегі ерлік" тақырыбында кездесу өткізді. Кездесу барысында алғашқыда «М. Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы» жайлы тақырып қозғалып оқушыларға академияға түсуге кеңес беірлді. Оқушылар тарапынан академия жайлы сұрақтар қойылып жауаптарын алды.
Екіншіден: Қазіргі бейбіт заманда ТЖ қызметкерлері, өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың ерліктері жайлы мысалдар келтіріліп, тағзым етілді. https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid0R5DdMNUvJ2oM1jKScZAjArrn2uR923ersnnRqRS9QxNA85mCWNjjkeTka222ANA5l&id=100007330783860

P.S.: Келген қонақтарымыз мектебіміздің түлектері, Болат Өмірсерікұлы грек-рим күресінен спорт шебері болса, Жан Дастанұлы джиу-джитсудан спорт шебері.