“Алаш” дебат клубының алғашқы ойыны өтті » Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » “Алаш” дебат клубының алғашқы ойыны өтті
03
октябрь
2023

“Алаш” дебат клубының алғашқы ойыны өтті

Мектебімізде “Алаш” дебат клубы 2021-2022 оқу жылында ашылып, қазіргі таңда жұмыс жасап жатыр. Дебат клубының мақсаты: -Рухани, интеллектуалдық және адамгершілік деңгейі жоғары, ұлтжанды, өзінің қоғам алдындағы азаматтық жауапкершілігін сезінетін жастар буынының қалыптасуына ықпал ету;
-Оқушылар арасында пікірсайыс бағдарламасының кеңінен таралуына ат салысу;
-Клубтың әр мүшесінің пікірсайыс теориясын жетік меңгеруін және осы бағытта үнемі ізденісте болуына ықпал ету;
-Жинақталған білім мен тәжірибенің тереңдетіліп, келесі лектегі пікірсайысшыларға жеткізілуіне септігін тигізу болып табылады.
Пікірсайыс оқушыларды сөз өнеріне, тұжырымды ойын дәлелдей білуге, өз бетімен білім алуға, ізденуге дағдыландырады. "Алаш" дебат клубының мүшесі боламын деген оқушыға есігіміз ашық!  ​https://www.instagram.com/p/Cx7xFp9J9Ik/?hl=ru​​​
Осы оқу жылында алғашқы дебат ойыны: Қыркүйек айының 28 күні "Мектеп парламентінің" Дебат фракциясы ұйымдастыруымен AFP форматында “Тамақтану орындарында тұтынушыларға сыйлыққа ойыншық беру” тақырыбында 8 сынып оқушыларының қатысуымен дебат өткізілді. Ойынға әр сыныптан екі командадан қатыстып, ойын өз деңгейін өтті.
Ойын нәтижесі шығарылып оқушылар марапатталды.