Кезекті дебаттық ойын » Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
10
май
2023

Кезекті дебаттық ойын

Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейінде 8- сыныптар арасында кезекті дебат пікірсайыс ойыны өтті. Мектепішілік ойында ойыншыларымыз шыңдалып, алдағы қалалық турнирлерге тәжірибе жинады. Ойынға 4 топ қатысты: «Жалын» тобы (1 спикер –Қожрахмет Ақсая, 2-спикер Нәдір Әсел), «Баянсұлу» тобы (1-спикер – Сабитова Ақбота, 2-спикер- Асқар Томирис), «Сұңқар» тобы (1-спикер – Жексембиева Рамина, 2- спикер- Мырзахмет Дәулет), «Болашақ» тобы (1-спикер- Думаннұр Баура, 2-спикер- Ерболқызы Ұлжан). Іріктеу ойынында «БП баланың ата-әжесінің тәрбиесінде болғаны дұрыс деп есептейді» деген тақырыпты талқылап, финалдық ойынға «Жалын» және «Сұңқар » тобы шықты. Финалдық ойын «БП қала жастары мен ауыл жастарының мүмкіндіктері бірдей деп есептейді» деген қарар бойынша өтті. Ойынды «Алаш» пікірсайыс клубының аға буын мүшелері 10 сынып оқушысы Ариланова Аида ұйымдастырып, 9-сынып оқушылары Ербақыт Ұлағат, Нургазинова Жанель басшылық жасап төрелік жасады. Ойынның қорытындысы шығарылды: І орын «Жалын»; ІІ орын «Сұңқар»; ІІІ орын «Болашақ», «Баянсұлу» топтары. Ойынды ұйымдастырған дебат клубының аға буын мүшелеріне алғыс білдіреміз! Жеңген топтарды құттықтаймыз және осындай мектепішілік ойындарға белсене қатысуға шақырамыз! https://www.instagram.com/p/CsDhMFuAmHm/?hl=ru