"Түлек 2023 - Жаңа Қазақстанның ертеңі" » Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
22
июнь
2023

"Түлек 2023 - Жаңа Қазақстанның ертеңі"

       2023 жылдың 22 маусымында мектебімізде мектеп бітірушілерге "Түлек 2023 - Жаңа Қазақстанның ертеңі" ұранымен мемлекеттік аттестат тапсыру рәсіміне арналған «Аттандық бала шақтан болашаққа» атты салтанатты іс-шара өткізілді. Талай шәкіртке тәлім беріп, қанатын қатайтып, өмірге жолдама берген Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі 33-ші түлектері, 59 шәкіртіне кәмелеттік аттестат тапсырып, үлкен өмір жолына аттандырды. Осы оқу жылында 5 түлегіміз: Қалимолда Олжас, Ақынқызы Ақерке, Өмірхан Сабина, Ауазбек Аружан, Сапарбаева Жанель «Алтын белгі» төс белгісіне ие болса, 5 түлегіміз Оралбекұлы Оралжан, Абылкасынова Томирис,  Байжанова Жанар, Фазылжан Аяулым, Серікжан Ақмарал «Лучший аттестатқа» ие болды. Салтанатты шараға Жетісу облыстық білім басқармасының бас маманы Г.Т.Ахметова қатысып, өзінің жүрекжарды тілегін білдіріп, түлектерге сәт сапар тіледі. Шара барысында оқушылар мен ата-аналар ұстаздарға деген алғыстарын айтып, жылы лебіздерін білдірді. Түлектеріміз мектепке, ұстаздарға деген қимастық сезімдерін әнмен әрлеп, бимен көркемдеді. Аталмыш шара "Мектеп бітіру кеші тұжырымдамасына" сай өткізілді.