18
июнь
2018
«Аттандық бала шақтан болашаққа!»
2018 жылдың 15 маусымында мектебімізде мектеп бітірушілерге мемлекеттік аттестат тапсыру рәсіміне арналған «Ел жүрегі – Астана!», «Қазақстанның болашағы – білімді ұрпақ» ұранымен «Аттандық бала шақтан болашаққа!» атты салтанатты кеші болып өтті. Кешімізге қалалық әкімшіліктен, «Нұр Отан» партиясы, Талдықорған қалалық филиалының кеңесшісі Талданбаева Элеонора Иманғазықызы, Талдықорған қалалық білім бөлімі орталықтандырылған бухгалтерияның бас есепшісі Серғазинова Мадлена Серікқызы қатысып, түлектерге, ұстаздарға және ата-аналарға өздерінің жылы лебіздерін білдірді. Барлығы осы оқу жылында 45 оқушыға кәмелеттік аттестат тапсырылды, 5 оқушы «Алтын белгі» атағына ие болды, олар: Абдықалық Тоғжан, Айдархан Күнсұлу, Нұрмұхамбетова Аружан, Нұртаева Ақбота, Қамалбекова Арайлым, ал Төлегенова Әйгерім есімді аруымыз «Ерекше аттестатқа» ие болды. Сондай-ақ мектеп мақтаныштарына айналған, республикалық, халықаралық байқаулардың жеңімпаздары Тілеуханова Назымды, Дүйсенбек Арапатты, Елдос Екпінді, Амантаева Ақеркені, Қанатханова Алтынайды, Қажымұрат Даниярды, Орысбай Жанды, Дәулетбек Әсетті, Қайратұлы Сұңғатты, Қажымұрат Даниярды, Мұхаметнұр Аружанды, Маликов Ақжолды,Бейсенбаева Нұрханымды, Серіков Елдарды ерекше атап кетуге болады. Түлектердің кешке барынша дайындалғаны көрініп-ақ тұрды. Қыздардың жарасымды көйлектері мен сәнді шаш үлгілері салтанатты жиынды әсерлей түсті. Оқушылар әр мұғалімге алғыстарын білдіріп, оларға арнап әндерін жолдады. Одан әрі түлектер өздерінің балалық шағымен қоштасып «таң шапағын» күтті. Сол таңнан бастап олардың ержеткен үлкен өмірі басталды.