03
март
2023
«Ризашылық – мейірімділік бұлағы»
2023 жылдың 25 қаңтар мен 2 наурыз күндері аралығында 1 наурыз - Алғыс айту күніне арналған «Ризашылық – мейірімділік бұлағы» атты айлық жүргізілді. Айлық аясында «Алғыс айту – парызым!», «Алтын жүрек» -атты Алғыс айту күніне арналған видео челлендждері («Ата-анама мың алғыс», «Ұстазыма мың алғыс», «Рақмет саған, достым /құрбым/», «Әлемге алғыс» т.с.с) жүргізілді. Видео челленджге барлығы 42 оқушы қатысты. «Қазақстан – мейірімділік мекені» ұранымен аз қамтылған және көмекке мұқтаж отбасы балаларына көмек көрсету жұмыстары жүргізілді. Осы акция барысында 9 оқушыға азық-түлікпен және қыстық киіммен көмек көрсетілді. Жалпы сомасы 146 000 тг құрады. Балалардың шығармашылығына арналған «Қолөнер – тәрбие көзі, жүрек жылуы» - қолөнер бұйымы көрмесі ұйымдастырылды. 8-9 сыныптар арасында «Алғыс айту – ізгіліктің бастауы» атты дебат ойыны ойыны өткізіліп, «Ризашылық – мейірімділік бұлағы» жобасы аясындағы дебаттық ойындарға оқушыларымыз қатыстырылды. Мектеп психологтары мен Мектеп парламенті «Алғысым шексіз!» алғыс айту стенді мен «Алғыс жәшігін» ұйымдастырды. 1-8 сыныптарда «Бір отан – бір отбасы» бірыңғай тәрбие сағаттары өткізілсе, 9-11 сынып оқушылары «Татулықтың тұтқасы – бірліктің бесігі» тақырыбында ЭССЕ жазды. «Отбасы – сыйластық пен сенімділік мекені» - мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді. Сонымен қатар айлық аясында «Еліміздің рухын көтерген – спорт саңлақтары» атты елімізге танымал спортшылармен және «Ауған қақтығысында от кешкендер» атты Тәжік-Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өткізілді.


















