Мектептің әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар
Мектептің әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар мониторингі
|
2015-2016 |
2016-2017 |
Әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балалар саны |
121 |
133 |
Тегін тамақтанатын |
88 |
100 |
Жетім және ата-анасының қамқорынсыз қалған |
4 |
5 |
Сәтсіз отбасынан шыққан оқушылардың саны |
1 |
3 |
ҚІІБ-ң, ҚТЖБ есебінде тұрған |
2 |
1 |
Көпбалалы отбасы балалар саны |
63 |
113 |
Толық емес отбасы балалары |
60 |
72 |
Денсаулығына байланысты мүгедек балалар |
2 |
2 |
|
|
|
Мектептегі тәртіпсіздікті болдырмау немесе алдын-алу мақсатында мектебімізде «Құқықтық тәрбие және құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі кеңес» құрылып, оның мүшелері сайланды. Кеңес отырысы уақтылы өткізіліп, нәтижесі шығарылып тұрды. Мектепте әр оқу жылында құқық бұзушылықтың алдын алу кеңесі өз жұмысын жалғастырды. Кеңестің жұмысы мектеп, ата-аналар, қоғам және полиция мекемелерінің «девианттық мінез-құлықты» балалармен жүргізілетін жұмысына бағытталған. Кеңес мәселелі отбасын оңалту бағдарламасына белсене араласты, жұмыс негізінен отбасына уақтылы кәсіптік көмек көрсетуге, бала тәрбиесінде қиындықтарға кезіккен отбасылары мен бала құқығы өрескел бұзылған отбасымен педагогикалық-психологиялық көмекке бағытталған.
ҚІІБ-ң КЖТБ және МІБ есебінде тұрған оқушылардың бақылау мониторингі
Оқу жылдары |
2015-2016 |
2016-2017 |
КЖТБ-ң есебінде |
2 |
1 |
МІБ-да |
3 |
2 |
Девианттық мінез-құлықты балалар, тамыры терең кеткен әртүрлі әлеуметтік жағдайлардан болатыны белгілі болды. Сондықтан осы топтағы балалармен жекелей жұмыс, педагогикалық әдістемелер, көмек көрсетілді. Оқушылардың әлеуметтік паспорты жасалып, психологиялық зерттеулер жүргізілді. Зерттеу нәтижесі бұл оқушылардың жанұядағы тәртіптеріне көңіл көп бөлінбейтіні, балалар бос уақыттарын көбіне бос, сыртта өткізетіні анықталды. Қазіргі кезде бұл оқушылармен жұмыстар жүргізіліп, нәтижесін шығарылды.
Тәрбие жұмысының үлкен бір саласы ата-аналармен жүргізілген жұмыс.
Тәрбие негізі баланың жас кезінен бастап отбасында қалыптасады. Әрбір оқу жылында мектепішілік, сыныптар бойынша ата-аналар жиналыстары өткізіліп тұрады. Мектепішілік жиналыста оқушылардың үлгерімі, жағдайы төмен отбасынан шыққан оқушыларға көмек көрсету, ыстық тамақпен қамтамасыз ету, «Мектепке жол», «Қамқорлық» акциялары туралы ақпараттар, ата-аналардың сабаққа қатысуы, оқушылардың себепсіз сабақ босатуы, құқық бұзушылықтың алдын алуға арналған жұмыстар, оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселелері қарастырылып, «Ел бақыты - Ата Заң», «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылыққа кім кінәлі?», «Мектеп және отбасы: қарым қатынас принциптері» тақырыптарында баяндамалар оқылып, талқыланды.