Жеңіс – еңбектің жемісі!
Мектебіміздің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Базылжанов Айбек Ахметқалиұлы қалалық «Лучший дене шынықтыру педагогы – 2025» байқауында ІІІ орын иеленді! Бұл — ұстаздың кәсіби біліктілігі мен шәкірттерге салауатты өмір салтын дәріптеудегі еңбегінің айқын дәлелі. Айбек Ахметқалиұлы – спортқа деген сүйіспеншілікті, ерік-жігер мен табандылықты шәкірттеріне үлгі ете білген нағыз жанкешті педагог.