“Абай мұрасы - мәңгілік қазына”
Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына орай “Абай мұрасы - мәңгілік қазына” тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. 🎉 Бұл шараның мақсаты – Абайдың шығармашылығын, оның қазақ әдебиеті мен мәдениетіне қосқан үлесін насихаттау, жастарға Абайдың даналық сөздерін жеткізу болды. Сынып сағаттарында оқушылар Абайдың поэзиясынан үзінділер оқып, оның философиялық ойларын талқылады. 📝 Оқушылар Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы презентациялар жасап, ақынның еңбектерінен алынған даналық сөздерді ортаға салды.