Талдықорғанда кадеттермен қылмыстың алдын алу бойынша кездесу өтті
Жетісу облысы Полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасының мүліктік қылмысқа қарсы бөлім бастығы, полиция подполковнигі Нұрболат Төлебаев Талдықорған қаласындағы №18 мектепте «Жас сақшы» кадет сыныбының оқушыларымен кездесті. Кездесудің басты мақсаты – жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, оларды құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу және қоғамға пайдалы азамат ретінде қалыптастыру. Кадеттермен әңгіме барысында подполковник Төлебаев ұрлық пен есірткіге қатысты қылмыстардың