"Ауғанстан- жүректегі жара" - Ерлік сабағы!
Ағымдағы жылдың 14 ақпан күні мектебімізде Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен толықтай шығарылғанына 36 жыл толуына орай АӘТД пәнінің мұғалімдері Б.Байжұманов пен Ж.Жақабайдың ұйымдастыруымен "Ауғанстан- жүректегі жара" атты ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өткізілді. Кездесуге Талдықорған қаласы Ауған соғысы ардагері, АСА ұйымының төрағасы Есбатыров Мақсат Сағиұлы мен Тәжік-Ауған шекара қақтығысының ардагері, запастағы полковник Жабыкбаев Ерлан Кахарбекович қатысты. Шара барысында батыр