Материалы за Январь 2025 года » Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
“ЕСІРТКІГЕ ЖОЛ ЖОҚ” ЧЕЛЛЕНДЖІ - эстафеталық ойын
31
январь
2025
“ЕСІРТКІГЕ ЖОЛ ЖОҚ” ЧЕЛЛЕНДЖІ - эстафеталық ойын
Мектебімізде “Мектеп парламенті” мен дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 6 сыныптар арасында “Есірткіге жол жоқ!” атты эстафеталық ойындар өткізілді. Нәтижесінде І орынға 6б сыныбы, ІІ орынға 6в мен 6ә сыныптары және ІІІ орынға 6а мен 6г сыныптары ие болды. Мақсаты: Салауатты өмір салтын насихаттау және тарту, балалардың физикалық, психологиялық және эмоционалдық денсаулығына ықпал ету, оларды кез-келген жаман әдеттен саналы түрде бас тартуға ынталандыру.  
Парақорлық бойынша жасырын сауалнама алында
30
январь
2025
Парақорлық бойынша жасырын сауалнама алында
Оқушылар  арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында 9-10-11 сынып оқушыларынан "Сыбайлас жемқорлықпен күрес-көптің ісі" атты жасырын сауалнама алынды. Жүргізілген сауалнаманың негізгі мақсаты — киелі өңірдің білім беру ошақтарында туындайтын сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және оның орын алуына жол бермеу.  Нәтижесінде оқушыларымыз парақорлық пен жемқорлық жағдайы кездескен жоқ деп жауап берді.
"Балауса" қыздар ұйымының кезікті отырысы
30
январь
2025
"Балауса" қыздар ұйымының кезікті отырысы
"Балауса" қыздар ұйымы жоспарына сай 2025 жылдың 29 қаңтар күні №1 Талдықорған қалық емханасы, "Салауатты өмір салты" орталығының маманы С.Е.Тұтқабаева жоғары сынып қыздарымен "Жеке бас гигиенасы", "Ерте жүктілікті болдырмау", "Жұқпалы аурулардың алдын алу" тақырыптарында семинар өткізді. Шара соңында ақпараттық материалдар таратылды. ​https://www.instagram.com/p/DFckF2Sp-Ls/​​​
Лучший атандық!
29
январь
2025
Лучший атандық!
2024 жылдың қорытындысы бойынша шахмат спорт түрінен 6в сынып оқушысы Талғат Раян "Лучший спортшы" атағына ие болса, мектебіміздің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Базылжанов Айбек "Лучший жаттықтырушы" атағына ие болды. Құттықтаймыз!💯  
Қазақ күресі батыры
28
январь
2025
Қазақ күресі батыры
Мектебіміздің 8в сынып оқушысы Тұрсын Дастан қазақ күресінен Жетісу облысының чемпионатында І орынға ие болды. Құттықтаймыз! 
Қалалық “Пікірсайыс” турнирінде ІІ орынға ие болдық!
27
январь
2025
Қалалық “Пікірсайыс” турнирінде ІІ орынға ие болдық!
Мектебіміздің “Алаш” дебат клубының “Болашақ тобы”, 7б кадет сыныбы оқушылары қалалық “Пікірсайыс” турнирінде ІІ орынға ие болды. Жетекшісі Н.Ахметханов. Құттықтаймыз! Олар: 1 Ахмолдаева Аяулым 2 Тәкенұлы Санат 2 Талғатбек Малика 3 Елтай Ақбаян
STEM кабинеті ашылды!
25
январь
2025
STEM кабинеті ашылды!
Бүгін Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейінде ерекше күн! 🌟 1992-1996 жылдары дәл осы мектепті басқарған, білім саласының майталманы Күләш Ноғатайқызы Шәмшидинова апайымыздың және «Альянс-Техносервис» компаниясының қолдауымен STEM кабинеті салтанатты түрде ашылды! STEM кабинеті – оқушылар үшін ғылым мен технология әлеміне енуге, шығармашылық жобалар жасауға және болашаққа батыл қадам басуға мүмкіндік беретін инновациялық орталық.  Ашылу салтанатына Күләш Ноғатайқызы Шәмшидинова,
"Бір мамандық- екі ұрпақ: кәсіпті таныстыру"
24
январь
2025
"Бір мамандық- екі ұрпақ: кәсіпті таныстыру"
Біртұтас тәрбие бағдаламасы негізінде, "Мамандықтар марафоны" аясында 23.01.2025 күні 9 сынып оқушылары мен жетекшілері арасында "Бір мамандық- екі ұрпақ: кәсіпті таныстыру" байқауы өткізілді. Нәтижесінде І орынға 9б сыныбы, ІІ орынға 9г мен 9ғ сыныбы және ІІІ орынға 9а, 9ә, 9в сыныптары ие болды. Құттықтаймыз! Шараның мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін дамыта отырып, болашақ мамандыққа байланысты ұғымын тереңдетіп, қызығушылығын арттыру, еңбекке деген құштарлықтарын ояту.  
«Құқықтық сана - қоғамға құрмет» атты бейнеролик байқауының жеңімпаздары марапатталды
23
январь
2025
«Құқықтық сана - қоғамға құрмет» атты бейнеролик байқауының
Талдықорғанда «Құқықтық сана - қоғамға құрмет» атты бейнеролик байқауының жеңімпаздары марапатталды. Мектебіміздің 9 сынып оқушылары жүлделі ІІ орынды жеңіп алып, 300 мың теңге сертификатына ие болды. Құттықтаймыз!  
"Жемқорлық індет, жою міндет" тақырыбында бірыңғай "Адалдық сағаттары" өткізілді
22
январь
2025
"Жемқорлық індет, жою міндет" тақырыбында бірыңғай "Адалдық
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хатына сәйкес мектебімізде "Жемқорлық індет, жою міндет" тақырыбында бірыңғай "Адалдық сағаттары" өткізілді. Аталған шараның мақсаты өскелең жас ұрпақтың бойына адалдық, парасаттылық, әділдік және сенім құндылықтарын қалыптастыру. "Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсініктерін кеңейту. Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және