Материалы за Декабрь 2024 года » Страница 2 » Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» Материалы за Декабрь 2024 года » Страница 2
Кәсіптік бағдар және патриоттық тәрбие
20
декабрь
2024
Кәсіптік бағдар және патриоттық тәрбие
18.12.2024 күні Жетісу облысы Полиция департаменті Тәрбие және кадр жұмысы басқармасының аға инспекторы полиция капитаны Бақытбек Дәуітбекұлы Маратов пен аталмыш басқарманың инспектор - полиграфологі полиция аға лейтенанты Абишев Ернар Нургалиулы мектебіміздің 11 сынып оқушыларымен кездесіп, кәсіптік бағдар берді. Сондай-ақ қазіргі кезде құқық қорғау органдары қызметінің алар орны мен маңыздылығы туралы айтып, жастарды елін сүйетін отаншыл, патриот, ержүректі болуға шақырды.  
“Асқар тау әке, Зерек бала” атты облыстық байқауында І орын!
19
декабрь
2024
“Асқар тау әке, Зерек бала” атты облыстық байқауында І орын!
Мектебіміздің “Әкелер мектебі” кеңесінің төрағасы Абылай Қожақов “Асқар тау әке, Зерек бала” атты облыстық байқауында І орынға ие болды. Құттықтаймыз!
Ел болып “Ұстаз” фильмін тамашаладық!
18
декабрь
2024
Ел болып “Ұстаз” фильмін тамашаладық!
Елімізде марқұм журналист Бейсен Құранбектің идеясы негізінде «Ұстаз» атты фильмі жарыққа шықты. Көрерменге жол тартқан туындының сценариін Бейсен ағамыздың жары Гүлмира Зербай жазған. Ал режиссері жетісулық Ерлан Ошақбай. - Мен үшін фильм өте әсерге толы болды, әр көрерменнің жүрегіне жетті деп ойлаймын. Сондай-ақ бұл фильмде шәкірттеріміздің басты рөлдердің бірінде сомдап жүргендерін мақтанышпен айтқымыз келеді. (Естелік фото премьерадан)   
Республикалық "ҮЗДІК СЫНЫП" байқауында І орын!
18
декабрь
2024
Республикалық "ҮЗДІК СЫНЫП" байқауында І орын!
«ЖАЛПЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІН ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ ПСИХОТЕХНИКА» ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ұйымдастырған Республикалық "ҮЗДІК СЫНЫП" байқауында 9ғ сыныбы І орынға ие болды. Сынып жетекшісі Қ.Ж.Қуанышбаев. Ал осы байқауға қатысушыларды дайындауға қосқан үлесі үшін ұйымдастырушы-педагог Гүлдана Бейсенбай Алғыс хатқа ие болды. Алматы қаласы, 2024 жыл. Құттықтаймыз!
“Қарағаштағы білімнің қарашаңырағы”
17
декабрь
2024
“Қарағаштағы білімнің қарашаңырағы”
Жетісу өлкесіндегі алғашқы қазақ білім ордасы “Мамания” мектебінің ашылғанына 125 жыл толуына орай өткізілген “Қарағаштағы білімнің қарашаңырағы” атты облыстық білімгерлер байқауында мектебіміздің тарих пәнінің мұғалімі Ахметханов Нұржан Дастанұлы командасымен жүлделі ІІІ орынға ие болды. Құттықтаймыз! Жансүгіров кенті, 2024 жыл.
"Тәуелсіздік кубогы” - ІІІ орын!
16
декабрь
2024
"Тәуелсіздік кубогы” - ІІІ орын!
Мектебіміздің "Алаш“ дебат клубының қыздары №125 мектепте өткен қалалық "Тәуелсіздік кубогы” дебаттық ойындарында ІІІ орынға ие болды. 9ғ сыныбы командасы /Сейдулла Айару мен Құралхан Айғаным/ және 9б сыныбы командасы /Ілияс Жаннұр мен Есенжолқызы Диана/. Жетекшісі тарих пәнінің мұғалімі Н.Д.Ахметханов. Құттықтаймыз!
“Qazaqsha mi battle“ - ІІІ орын!
14
декабрь
2024
“Qazaqsha mi battle“ - ІІІ орын!
Мектебіміздің "Асылтас" командасы облыстық “Qazaqsha mi battle“ Бейсен Құранбек кубогы байқауында жүлделі ІІІ орынға ие болды. Олар: Нұрқасым Мубина, Адельбаева Бибінұр, Абикенов Мәди, Данабай Айжан, Жақсылық Әбілмансұр. Жетекшісі қазақ тілі пәнінің мұғалімі Арай Болысбекова. Құттықтаймыз!
"Ұлттық рух-Тәуелсіздік тірегі"
13
декабрь
2024
"Ұлттық рух-Тәуелсіздік тірегі"
Мектебімізде Біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде 1-11 сыныптарында "Ұлттық рух-Тәуелсіздік тірегі" тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: Тәуелсіздік туралы терең мағлұмат беру. Ата бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, өз Отанын сүюге, еліне, халкына кызмет етуге тәрбиелеу. Еліміздің тәуелсіздігін атап өту қарсаңында ел тарихына шолу жасау. Тәуелсіз еліміздің жетістіктерімен таныстырып, білімдерін тереңдету.
“Су - тіршілік көзі”
12
декабрь
2024
“Су - тіршілік көзі”
Мектебімізде барлық сыныптарда “Су - тіршілік көзі”, “Судың маңызы және оны қорғау”, “Су құрылымы - табиғаттың сұлулығы” тақырыптарында сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың бойына экологиялық тәрбиелеудің құрамдас бөліктерінің бірі – суды үнемді пайдалану мәдениетін қалыптастыру. Су ресурстарын ұтымды басқару әдістері болашақ ұрпақтың әл-ауқатын қамтамасыз етудің негізі болып табылатындығын түсіндіру.