“Су - тіршілік көзі”
Мектебімізде барлық сыныптарда “Су - тіршілік көзі”, “Судың маңызы және оны қорғау”, “Су құрылымы - табиғаттың сұлулығы” тақырыптарында сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың бойына экологиялық тәрбиелеудің құрамдас бөліктерінің бірі – суды үнемді пайдалану мәдениетін қалыптастыру. Су ресурстарын ұтымды басқару әдістері болашақ ұрпақтың әл-ауқатын қамтамасыз етудің негізі болып табылатындығын түсіндіру.