Материалы за Май 2024 года » Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
"Біз жемқорлыққа қарсымыз" сурет байқауы
31
май
2024
"Біз жемқорлыққа қарсымыз" сурет байқауы
1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ұйымдастыруымен "Біз жемқорлыққа қарсымыз" атты сурет байқауы ұйымдастырылды. Мектебімізден үздік шыққан Қойшын Жангүл мен Медетқызы Медина ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің превенция басқармасы басшысы Ермек Султанкуловтың қолынан марапатталып, сыйлықтарға ие болды. Жетекшісі көркем еңбек пәнінің мұғалімі Б.Т.Омаралин. Құттықтаймыз!
Гайдбуктер таратылды
30
май
2024
Гайдбуктер таратылды
Мектебімізде 1-10 сынып жетекшілері сыныптағы білім алушыларына жазғы демалысты тиімді өткізу мақсатында "Сенің қуанышқа толы жазғы демалысың" атты GUIDEBOOK-пен таныстырылым жүргізіліп, әр оқушыға таратылып берілді.
"ЖАЗҒЫ МЕКТЕП-2024"
29
май
2024
"ЖАЗҒЫ МЕКТЕП-2024"
Білім алушылардың оқыту сапасын арттыру және біліміндегі олқылықтарды толықтыру мақсатында мектебімізде "ЖАЗҒЫ МЕКТЕП-2024" ұйымдастырылды. Жазғы мектеп 2024 жылғы 27 мамыр мен 31 мамыр аралығында жұмыс істейтін болады. Бастауыш, негізгі және жалпы орта білім берудің негізгі пәндері бойынша 1-8, 10 сынып оқушылары үшін ұйымдастырылды. https://www.instagram.com/p/C7guw6KpFc7/ https://www.instagram.com/p/C7jPo4ipxWT/   
"RESPUBLICA" партиясының кубогында жүлделі орын!
28
май
2024
"RESPUBLICA" партиясының кубогында жүлделі орын!
V Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарының қарсаңыңда Жетісу облыстық тоғызқұмалақ федерациясының қолдауымен "RESPUBLICA" партиясының кубогы үшін тогызқұмалақтан жасөспірімдер және ересектер арасында өткен Жетісу облысының турнирінде 8а сынып оқушысы Биқасым Алима ІІ орынға және 10а сынып оқушысы Данабай Айжан ІІІ орынға иеленіп, әрқайсысы 20 000 тг сертификатына ие болды. Жетешісі Айдар Шеңгелбаев. Құттықтаймыз!
"Қ.Қасымов олимпиадасында"  ІІ орын!
27
май
2024
"Қ.Қасымов олимпиадасында" ІІ орын!
Мектебіміздің 9а сынып оқушысы Ерболат Мирас қалалық "Қ.Қасымов олимпиадасында" информатика пәнінен ІІ орынға ие болды. Жетекшісі Б.Т.Дүзгенбаева. Құттықтаймыз!  
«Мектебім, саған мың алғыс»
25
май
2024
«Мектебім, саған мың алғыс»
2024 жылдың 25 мамыр күні мектебімізде «Мектебім, саған мың алғыс» атты соңғы қоңырау салтанаты өткізілді. Мектеп директоры С.Б.Жанаберлиева және арнайы келген қонағымыз, Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің маманы Құралхан Асем Нұрланқызы ұстаздарды, ата-аналар мен оқушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтап, бітіруші түлектерге сәт сапар тіледі. Қуанышты сезіммен рухтанған жас өрендеріміздің бір легі үлкен өмірге қанат қақты. Биылғы оқу жылында 1283
”БІЛІМІМ -ОТАНЫМА”
24
май
2024
”БІЛІМІМ -ОТАНЫМА”
Мектеп оқушыларына “Білімім-Отаныма” тақырыбында жалпыреспубликалық бірыңғай тәрбие сағаты өтті. Әр сыныптағы тәрбие сағаты ҚР Гимнімен басталды. Содан соң оқушыларымыз ҚР оқу-ағарту министрі. Ғ. Бейсенбаевтың 2023-2024 оқу жылының аяқталуына орай жолдаған құттықтауын тыңдады. Сыныптың жыл бойы еңбектеніп жеткен жетістіктерінен бейнеролик көрсетіліп, белсенді болған оқушыларды құттықтады. Топтық жұмыстар жасалып, оқушылардың ой – пікірлері тыңдалды. 9,11 сынып түлектері “Мен. Мектеп. Ұстаз”
"Дарындылар шеруі - 2024"
23
май
2024
"Дарындылар шеруі - 2024"
2024 жылдың 23 мамыр күні мектебімізде "Дарындылар шеруі - 2024" салтанаты өткізілді. Шара барысында мектебіміздің даңқын асырып, биік жетістіктерге жеткізер мектеп мақтаныштары, олимпиада, білім байқаулары, өнер сайыстары, спорттық сайыстар мен интеллектуалдық сайыстардың жеңімпаздары, жас ғалымдар марапатталды. Жеңістен жеңіске жете берейік! Құттықтаймыз!  https://www.instagram.com/p/C7XE8V-p_Sb/
«Жаз мезгіліндегі қауіпсіздік»
22
май
2024
«Жаз мезгіліндегі қауіпсіздік»
Біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде 2024 жылдың 20-23 мамыр күндері аралығында мектеп бойынша «Жаз мезгіліндегі қауіпсіздік» тақырыбында жасөспірімдер арасында оқыс оқиға мен құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатыр. Шара барысында жаз мезгіліндегі, шомылу маусымы кезеңіндегі қауіпсіздік шаралары мен өрт қауіпсіздігі туралы, жолда жүру қауіпсіздігі, электр-тоқтары қауіпсіздігі туралы, кішкене балаларды қараусыз қалуының алдын алу туралы, жасөспірімдер
"Жас Ұлан" әскери-патриоттық ойындарында ІІІ орынға ие болдық!
21
май
2024
"Жас Ұлан" әскери-патриоттық ойындарында ІІІ орынға ие болдық!
Мектебіміздің "Жас кадеттері" халық Қаһармандары С.Нұрмағамбетов пен Р.Қошқарбаевтың 100 жылдығына арналған облыстық "Жас Ұлан" әскери-патриоттық ойындарында ІІІ орынға ие болды. Олар: Серікқызы Дина, Депутат Жанел, Баймухамбетов Санжар, Қуанышпеков Альтаир, Алпысбай Медет. Жетекшілері АӘТД пәнінің оқытушылары Ж.Жақабай мен Б.Байжұманов. Құттықтаймыз!