Материалы за Май 2024 года » Страница 3 » Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
"Рейхстагке ту тіккен - Рақымжан!"
10
май
2024
"Рейхстагке ту тіккен - Рақымжан!"
Мектебімізде Ұлы Жеңіс күніне орай, Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған "Рейхстагке ту тіккен - Рақымжан!" тақырыбында 7-8 сыныптар арасында сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: Школьникам  Ұлы Отанды сүюге, ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, отан сүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу. Отанын елін қорғай білуге тәрбиелеу. Рақымжан Қошқарбаевтың ер жүректігін оның батырлығы туралы әңгімелей отырып оқушы бойында патриоттық сезімін ояту.  
«Халықтың ерлігі ғасырлар бойы өмір сүреді!»
07
май
2024
«Халықтың ерлігі ғасырлар бойы өмір сүреді!»
7 мамыр - Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр - Ұлы Жеңіс күніне орай 1-4 сыныптарда «Жеңіс деген шат күлкісі баланың» тақырыбында, ал 5-11 сыныптарда «Халықтың ерлігі ғасырлар бойы өмір сүреді!» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Шараның мақсаты: Оқушылардың бойында туған еліне, жеріне, Қазақстанның Қарулы күштеріне деген патриоттық сезімін қалыптастыру. Ата-бабамыздың ерлік істерін қастерлеп, үлгі-өнеге тұту, өз Отанын қорғауға тәрбиелеу.
Құттықтаймыз!
06
май
2024
Құттықтаймыз!
9 мамыр - Жеңіс күніне орай шахматтан 8 -16 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер арасында Жетісу облысының чемпионаты өтті. Аталмыш жарыста мектебіміздің оқушылары үздік нәтиже көрсетіп, жеңіс тұғырынан көрінді! Олар: Болатұлы Жангелді - 3б сынып - І орын; Шакенұлы Ерасыл - 3в - ІІ орын; Бектнұр Батыр - 4А - ІІ орын; Камалбеков Дастан - 6в - ІІІ орынға ие болды. Жетекшісі Д/Ш пәнінің мұғалімі А.Базылжанов. Құттықтаймыз!  
"Ерлік сабағын" өткізді
04
май
2024
"Ерлік сабағын" өткізді
Мектебімізде 03.05.2024 күні облысымыздағы 18404 әскери бөлімі қызметкерлері, аға лейтенант Зәкір Заңғар Мақсатұлы және жас жауынгерлер 10 сынып оқушыларымен "Ерлік сабағын" өткізді. Шараның басты мақсаты: Білім алушыларға Қазақстан Республикасының біртұтас мемлекет екенін және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылымымен таныстыру. Келер ұрпақты елін, жерін, Отанын сүйетін патриоттық рухта тәрбиелеу болды. https://www.instagram.com/p/C6h9uWXppfY/
“ӨНЕГЕЛІ ҰРПАҚ”
03
май
2024
“ӨНЕГЕЛІ ҰРПАҚ”
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН” “ӨНЕГЕЛІ ҰРПАҚ” экологиялық акциясы жалғасып, аймақтар тазалануда.
Киноға түсіп марапатталды!
02
май
2024
Киноға түсіп марапатталды!
Мектебіміздің 2г сынып оқушысы Құсайын Әлишер «Мейрам» балалар киностудиясы түсірген, «Аспазшының оқиғасы» атты YouTube жобасында ерекше образын жоғары дәрежеде алып шығып, өзін белсенді көрсеткені үшін Алғыс хатпен марапатталды. Құттықтаймыз!
«ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ТУҒАН ӨЛКЕМ - ҚАЗАҚСТАН!»
01
май
2024
«ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ТУҒАН ӨЛКЕМ - ҚАЗАҚСТАН!»
Біртұтас тәрбие жоспарына сай 30.04.2024 күні 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күніне орай мектебімізде «ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ТУҒАН ӨЛКЕМ - ҚАЗАҚСТАН!» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу.
Назад 1 2 3 Вперед