Материалы за Январь 2024 года » Страница 2 » Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» Материалы за Январь 2024 года » Страница 2
"Знай и цени русский язык"
20
январь
2024
"Знай и цени русский язык"
Орыс тілі мен әдебиеті пәні апталығы аясында 7 сыныптар арасында "Знай и цени русский язык" атты қызықты интеллектуалды ойын өткізілді. Нәтижесінде І орынға 7ә сыныбы, ІІ орынға 7а мен 7в сыныптары және ІІІ орынға 7б сыныбы ие болды. Құттықтаймыз! Жауаптылар: Г.Т.Жаңғозина мен Қ.С.Мықтыбаева.  
"Бала қауіпсіздігі - басты назарда!"
19
январь
2024
"Бала қауіпсіздігі - басты назарда!"
Мектебімізде Жетісу облысы білім басқармасының 18.01.2024 күнгі №42-42/59 ұсыныс хаты мен Талдықорған қаласы білім бөлімінің 18.01.2024 күнгі №89-14-89/53 ұсыныс хатын басшылыққа ала отырып, кәмелет жасқа толмаған балалар мен жасөспірімдерге қатысты әр түрлі келеңсіз жағдайлардың алдын алу (жыныстық сипаттағы әрекетке тарту, ит қабу, жол қауіпсіздігі т.б.), балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бұйрық шығарылды. Осыған орай мектепалды даярлық тобы мен бастауыш (1-4 сыныптар) сынып
"Есірткі және есірткіге тәуелділік" тақырыбында ЭССЕ жазды
19
январь
2024
"Есірткі және есірткіге тәуелділік" тақырыбында ЭССЕ жазды
"Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер!" жобасы: Нашақорлықтың, есірткі айналымының және электронды темекінің зардаптары туралы түсінік беріп, алдын алу мақсатында 8-9 сынып оқушылары "Есірткі және есірткіге тәуелділік" тақырыбында ЭССЕ жазды. Оқушылар зиянды әдеттер туралы пікірлерін білдірді. 
"Әкеннің төріне сенбе, еткен еңбегіне сен", "Бүгінгі жас - ертеңгі отау иесі, ел қорғаны"
18
январь
2024
"Әкеннің төріне сенбе, еткен еңбегіне сен", "Бүгінгі жас - ертеңгі
"Даналық мектебі: әкелер кеңесі" жоспары негізінде, "Жас жігер" ұлдар ұйымының ұйымдастыруымен 8-9 сынып ұлдарымен "Әкеннің төріне сенбе, еткен еңбегіне сен", "Бүгінгі жас - ертеңгі отау иесі, ел қорғаны" тақырыптарында «AMANAT» партиясы Жетісу облыстық филиалының төрағасының орынбасары ДОСМҰХАМБЕТОВ АСХАТ СЕЙДЕНҰЛЫ мен "Жер жанаты-Жетісудың Ұланы" балалар мен жасөспірімдер ұйымының төрағасы ЖАҚСЫКЕЛЬДИНОВ БАҚТИЯР УАЛИХАНҰЛЫ "ТЕД-Х форматта" кездесу өткізді. Мақсаты: Ұл баланың дамуына, жеке
"Парасаттылық туралы"
17
январь
2024
"Парасаттылық туралы"
Біртұтас тәрбие жоспарына сай, "Оқуға құштар мектеппіз!" жобасы аясында 7ә сыныбында "Парасаттылық туралы" тақырыбында сынып сағаты өтілді. Мақсаты: Оқушылардың парасаттылық, адалдық, шындық туралы түсініктерін кеңейту. Оқушыларды әділ, шыншыл, адамгершілікпен өмір сүруге тәрбиелеу. Сынып жетекшісі: А.Әбілмолдаева.
Мектепішілік "Педагогикалық тандем-2024" байқауы өткізілді.
16
январь
2024
Мектепішілік "Педагогикалық тандем-2024" байқауы өткізілді.
2024 жылдың 12 қаңтарында "Мектептегі тәлімгерлік үдерісті жетілдіру, шығармашылықпен жұмыс жасайтын жас мамандарды анықтау, тәжірибе алмасу. кәсіби педагогикалық білім беру мен педагогикалық мамандықтың маңыздылығын арттыру, талантты мамандарды таңдау мақсатында "Педагогикалық тандем-2024" әдістемелік жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрмеңкеге тәлімгерлер өздерінің тәлім алушыларымен қатысты. Қатысушылар: 1. Тәлімгер Айтболатова Манат Серікқызы және жас маман Нұржаубай Гаухар Досымбекқызы 2.
"Біздің қоғамдағы азаматтық жауапкершілік"
15
январь
2024
"Біздің қоғамдағы азаматтық жауапкершілік"
Біртұтас тәрбие жоспарына сай мектебімізде "Біздің қоғамдағы азаматтық жауапкершілік" тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың туған Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, әр оқушыға қоғам алдындағы азаматтық жауапкершілігін ұғындыру. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттерін қалыптастыру.
"Кітап пен киноның сиқырлы әлемі" атты сайыс өткізілді
13
январь
2024
"Кітап пен киноның сиқырлы әлемі" атты сайыс өткізілді
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 27.10.2023 күні кітапхана меңгерушісі М.Д.Ботаеваның ұйымдастыруымен 6 сынып оқушыларымен "стоп-кадр" әдісі бойынша "Кітап пен киноның сиқырлы әлемі" атты сайыс өткізілді. Нәтижесінде 6а І орынға және 6в ІІ орынға ие болды. Мақсаты: Оқушылардың сүйікті істері жайлы айтқыза отырып, кино жанрын айыра алуға баулу; Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту; ақпараттық - коммуникативтік құзіреттілігін қалыптастыру; Күтілетін нәтиже: Кітап пен кино жанрларының
“Әрбір бала-жарық жұлдыз”
12
январь
2024
“Әрбір бала-жарық жұлдыз”
"Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы бағдарламасы" жоспары негізінде ДТЖ орынбасары Б.Тайыржанқызының жетекшілігімен “Әрбір бала-жарық жұлдыз” атты 1-4 сынып оқушыларының ата-аналарына кезекті дәріс өткізілді. Дәріс жүргізген бастауыш сынып мұғалімі, педагог-зерттеуші Раушан Қамалбекқызы Орынбекова және психологилық тренинг жүргізген мектеп психологы Дана Қайратқызы. #ата_ананы_педагогикалық_қолдау https://www.instagram.com/p/C2AS8tUJWiT/?hl=ru
«Қазақ даласының ұлы тұлғалары»
11
январь
2024
«Қазақ даласының ұлы тұлғалары»
Біртұтас тәрбие жоспарына сай мектебімізде «Қазақ даласының ұлы тұлғалары» тақырыбында бейнероликтер топтамасы жүргізіліп жатыр. https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid0Uo1ap5byKWKvWvQpV2TYSsR5EE3tz1qj8WUX4eCFcDfWTCxYSXefn8M1psb1L7Yzl&id=100007330783860 https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid0rNtMuG8XDgHa2Pryr32hcMfBDNLK4A94cEXBAzwxU2z6uunwVRjL2SeXdRgpb51Al&id=100007330783860