Материалы за Январь 2024 года » Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
20 минут әдеби кітап оқу
31
январь
2024
20 минут әдеби кітап оқу
Мектебімізде «Оқуға құштар мектеппіз!» жобасы бойынша аптасына бір мезет 20 минут әдеби кітап оқу науқаны жалғасып жатыр. Аталмыш жобаның мақсаты: Балалар мен жастардың оқуға құштар құзыреттіліктерін дамыту. Оқу мәдениеті мен оқу белсенділігін арттыру.
«Қазақ даласының ұлы тұлғалары: Жыр Құлагері"
30
январь
2024
«Қазақ даласының ұлы тұлғалары: Жыр Құлагері"
9а сынып оқушылары қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Д.Садуакасовамен бірге қаламыздағы Ілияс Жансүгіровтің облыстық әдеби мұражайына саяхат жасады. Саяхат-сабағының мақсаты: қазақтың "жыр Құлагері" атанған ақыны, "Үш бәйтеректің" бірі, қазақ Кеңес әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі - Ілияс Жансүгіровтің туғанына130 жыл толуына орай өмірі мен шығармашылығына байланысты музей мұрағаттары мен танысып, жан- жақты мағлұматтар беру.
Тоғызқұмалақтан облысқа іріктеу жарысында оқушыларымыз керемет нәтиже көрсетті!
29
январь
2024
Тоғызқұмалақтан облысқа іріктеу жарысында оқушыларымыз керемет нәтиже
Тоғызқұмалақтан облысқа іріктеу жарысында оқушыларымыз керемет нәтиже көрсетті: Данабай Айжан І орын, Биқасым Алима І орын, Күмісбек Али ІІ орын және Күмісбек Арайлым ІІІ орынға ие болды. Жетекшісі Айдар Биқасымұлы Шеңгелбаев. Құттықтаймыз!  
“Сен жанбасаң лапылдап..."
27
январь
2024
“Сен жанбасаң лапылдап..."
"Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы бағдарламасы" жоспары негізінде 25.01.2024 күні мектебімізде “Сен жанбасаң лапылдап... Балаға өз бейімділігін табуға қалай көмектесуге болады” тақырыбында 10-11 сынып оқушыларының ата-аналарына кезекті дәріс өткізілді. Дәріс жүргізген ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Ж.Т.Желдібаева және психологилық тренинг жүргізген мектеп психологы А.Бекзада. ​https://www.instagram.com/p/C2jeXiWJkxP/?hl=ru​​​  
"Парақорлық балалар көзімен"
26
январь
2024
"Парақорлық балалар көзімен"
Мектебіміздің "Жас Ұлан" БЖ ұйымы мен "Адал ұрпақ" еріктілер клубы мүшелері "Парақорлық балалар көзімен" тақырыбында сурет көрмесін ұйымдастырды. Шараның негізгі мақсаты жасөспірімдер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру және насихаттау.
"Қазақ есебі" челленджі
26
январь
2024
"Қазақ есебі" челленджі
"Тоғыз айға 9 іс-шара" тұжырымдамасы аясында 26.01.2024 күні "Қазақ есебі" ұранымен математикалық есеп шығару челленджі ұйымдастырылды. ​https://www.instagram.com/p/C2jsHFYInSW/?hl=ru&img_index=1​​​ Шара барысында оқушылар есеп шығарып, стандартты есептерден бөлек, ұлтымыздың математикаға қаншама ғасырлар бұрын қызығушылығынан туындаған есептердің болғанын байқады. Мақсаты: Ұлттық құндылықтарды дәріптеу, оған құрмет көрсету. Білім алушылардың математикаға деген қызығушылықтарын ояту.
"Қыз намысы - ұлт намысы"
24
январь
2024
"Қыз намысы - ұлт намысы"
"Даналық мектебі: аналар кеңесі" жоспары негізінде, "Балауса" қыздар ұйымының ұйымдастыруымен 8-11 сынып қыздарымен "Қыз намысы - ұлт намысы" тақырыбында Жетісу облысы ата-аналар комитетінің төрағасы, «Мүшелтой» балалар мен жасөспірімдер клубының директоры Кыдырбаева Дания Салимбаевна "ТЕД-Х форматта" кездесу өткізді. Мақсаты: Қазақ қызының бойына ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, көріктілік, ептілік, инабаттылық, кішіпейілділік, сұлулық т.б жан-жақты ұлттық қасиеттерін таныта білу;
«Функционалдық сауаттылық-сапалы білім беру негізі»
23
январь
2024
«Функционалдық сауаттылық-сапалы білім беру негізі»
2024 жылдың 19 қаңтарында «Функционалдық сауаттылық-сапалы білім беру негізі» тақырыбында педагогикалық оқулар өткізілді. Педагогикалық оқуларға қатысқан мұғалімдер: 1. Мыктыбаева Карлыгаш Сейсеновна- орыс тілі пәні мұғалімі 2. Нұршекова Айнұр Манапқызы-ағылшын тілі пәні мұғалімі 3. Болысбекова Арайлым Жумагазыевна-қазақ тілі пәні мұғалімі 4. Абдрахманова Асель Ерлановна-тарих пәні пәні мұғалімі 5. Амирбаева Аяулым Қайратқызы-бастауыш сынып 6. Асылбек Мәргүл-математика пәні мұғалімі 7.
“Балаға үйрету: ақылынды мейірімге орап бер. Өз балаңыздың кілтін қалай табуға болады”
22
январь
2024
“Балаға үйрету: ақылынды мейірімге орап бер. Өз балаңыздың кілтін
"Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы бағдарламасы" жоспары негізінде ДТЖ орынбасары Б.Тайыржанқызының жетекшілігімен “Балаға үйрету: ақылынды мейірімге орап бер. Өз балаңыздың кілтін қалай табуға болады” тақырыбында 5-9 сынып оқушыларының ата-аналарына кезекті дәріс өткізілді. Дәріс жүргізген тарих пәнінің мұғалімі Әйгерім Берліқожанова және психологилық тренинг жүргізген мектеп психологы Дана Қайратқызы. ​https://vk.com/club89659902?w=wall-89659902_4401​​​